ОҚМА кітапханасындағы кафедра күні

Кітапханаға жаңа әдебиеттердің келуі оқу ордамыздың профессорлық-оқытушылық құрамы үшін әрқашан айтулы оқиға болып табылады.
«ОҚМА» АҚ кітапханалық – ақпараттық орталығында 2024 жылдың 9-11 желтоқсан аралығында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының күні өткізілді.
Мақсаты: білім алушыларға кітапхана қорына келіп түскен жаңа кітаптармен таныстыру, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, рухани дүниетанымын кеңейту.
ОҚМА-ң кітапхана қоры Қазақстан тарихы, Психология және мәдениеттану, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері және т.б. қазақ және орыс , ағылшын тілдеріндегі жаңа басылымдармен толықтырылды.
Кітапханадағы ақпарат күні оқу залындағы экскурсиядан басталып, кітапхананың қазіргі әлемдегі рөлі мен кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы әңгіме қозғалды.

Кафедра оқытушылары мен студенттері кітапхана қорындағы оқу және ғылыми әдебиеттер мен, сондай – ақ жаңа түсімдермен танысып, кітапхана сайтының ақпараттық мүмкіндіктері, пайдаланушылар үшін қолжетімді электрондық ресурстар туралы ақпарат алды.
Осы көрмені тамаша ұйымдастырғаны үшін ОҚМА кітапханасының ұжымына шын жүректен алғысымызды білдіреміз!!!

11.12.2024, 16:11
130 қаралым