ОҚМА белсенділері «Еріктілер» лагерінде

«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ-ның 65-жылдығына және «Балалар жылына» орай Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті жанынан құрылған «Медик Волонтер» ұйымының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 25-27 маусым күндері аралығында 3 күндік «Еріктілер лагері» ұйымдастырылды.

Республикалық деңгейде ұйымдастырылып отырған «Еріктілер лагеріне» Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының белсенді студенттері қатысты.

3 күндік «Еріктілер лагерінде» біздің студенттеріміз «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің» тарихи және анатомия мұражайларын аралап, алдағы жылдық жоспарларымен бөлісіп, спорттық шараларға, кездесулер мен квест ойындарға қатысты. Және де Ақтөбе облысының мұражайлары мен көрнекті жерлеріне саяхаттады.

01.07.2022, 10:14
369 қаралым