ОҚМА АҚ жанындағы медицина колледжінің деканат қызметкерлері және Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Отбасыдағы ортақ тіл» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді

07.02.2024 жылы 11:00, 13:00, 15:00-де ОҚМА АҚ жанындағы медицина колледжінің №5 ғимаратында топ тәлімгерлерінің ұйымдастыруымен Емдеу ісі, Мейіргер ісі, Стоматология және Ортопедиялық стоматология мамандықтарының 9-дан кейінгі 1ші курс білім алушыларының ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі М.А. Тайжанова, ЖББП кафедра меңгерушісі А.Т.Сатаев, оқу жөніндегі әдіскер И.Еламанова, психолог А.Манзурова қатысты. Ата-аналарға жиналыс барысында 2023-2024 оқу жылының 1ші семестрдегі білім алушылардың оқу үлгерімі туралы ақпарат берілді. «Камелетке толмаған жасөспірім арасындағы қылмыстың алдын алу» тақырыбында Шымкент КПД Әл-Фараби АПБ ЖПКБ ЮПБ учаскелік полиция аға инспекторы майор Юсупов Хабибулла Ибадуллаевич ата-аналарға бүгін қоғамнын алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жасөспірімдердін арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, камелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу туралы түсіндіріп өтті. Ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, жауап алды. Ата-аналар жиналыс соңында топ тәлімгеріне де топ туралы сұрақтары мен өз ұсыныстарын айтты.

12.02.2024, 15:07
494 қаралым