ОҚМА АҚ студенттерінің ғылыми және академиялық жетістіктері

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері республикалық деңгейдегі білім мен ғылым саласындағы жоғары жетістіктерге қол жеткізуде!
«Қазақстан Республикасының үздік студенті» – Академия мақтанышы
Микробиология, аллергология және иммунология кафедрасының 2 курс студенті Бекмурат Балжан Ержанқызы республикалық «Қазақстан Республикасының 100 үздік студенті» байқауында жүлделі орынға ие болып, «Қазақстан Республикасының үздік студенті» атағымен марапатталды. Оған арнайы диплом, медаль, төсбелгі және статуэтка табысталды. Бұл жетістік студенттің жоғары оқу үлгерімі мен ғылыми зерттеулерге белсенді қатысуының нәтижесі. Сонымен қатар, ғылыми жетекшісі Полатбекова Шапағат Төлегенқызы үздік шәкірт тәрбиелегені үшін алғыс хатпен марапатталды.

Ғылыми конференциядағы жүлделі орындар
Қазақстан-Ресей медициналық университеті ұйымдастырған «Медицинадағы жастар: зерттеулер, тәжірибе, жетістіктер» атты жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясында біздің студенттер жүлделі орындарға ие болды.
Микробиология, аллергология және иммунология кафедрасының 2 курс студенттері Бекмурат Балжан мен Максутханова Аяулым келесі тақырыптарда зерттеу жұмыстарын ұсынды:
• «Антибиотикке төзімділіктің таралуы: микробиологиялық зерттеулердің маңызы»
• «Қоршаған орта микробиологиясы: денсаулық сақтау инфрақұрылымындағы экологиялық қауіпсіздік»
Конференция қорытындысы бойынша Бекмурат Балжан – 2-орын, Максутханова Аяулым – 3-орын иеленді.
Бұл жетістіктер Академия студенттерінің білім мен ғылымдағы әлеуетінің жоғары екенін дәлелдеп, кафедра мен академияның беделін асқақтатты. Біз студенттерімізді мақтан тұтамыз және болашақта бұдан да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!

25.12.2024, 11:49
257 қаралым