«ОҚМА» АҚ ректорының Облыстық балалар ауруханасы мен «Тынық» медициналық орталығына іс-сапары

Академиялық қоғамдастық пен медициналық ұйымдар арасындағы байланысты нығайту аясында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры Жанна Серікжанқызы Сейтжанова 2024 жылдың 19 қыркүйегінде Облыстық балалар ауруханасы мен «Тынық» медициналық орталығында орналасқан клиникалық базаларды аралады. Сапар клиникалық базалар мен білім беру процесінің ағымдағы жағдайын бағалау мақсатында ұйымдастырылды.
Облыстық балалар ауруханасына барған ректор ОҚМА студенттерінің оқу процесінің жағдайымен танысты. Жанна Серікжанқызы бас дәрігер Досанова Алтын Мейрамбаевамен және бас дәрігердің орынбасарларымен кездесіп, оқу процесіне арналған жағдайларды жақсарту және студенттердің практикалық даярлық деңгейін арттыру перспективаларын талқылады.

«Тынық» медициналық орталығына сапары барысында Жанна Серікжанқызы Сейтжанова орталықтың жұмысымен танысып, орталық басшылығымен және фтизиопульмонология және радиология кафедрасының оқытушыларымен әңгімелесті.
Білім беру процесін жақсартуға, сондай-ақ студенттерді оқытуға инновациялық технологияларды енгізуге ерекше назар аударылды.
Сапар қорытындысы бойынша ОҚМА ректоры Жанна Серікжанова мен облыстық балалар ауруханасы мен «Тынық» медициналық орталығының бас дәрігерлері арасында оқу процесін практикалық денсаулық сақтаумен тығыз ықпалдастыру үшін ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры Облыстық балалар ауруханасы мен «Тынық» медициналық орталығының басшылығына болашақ медицина кадрларын даярлаудағы жемісті ынтымақтастығы мен қолдауы үшін алғысын білдірді.

26.09.2024, 17:16
241 қаралым