"ОҚМА"АҚ қызметкерлері арасындағы дәстүрлі XXXVIII Спартакиада

2023 жылдың 17-18 қаңтарында спорттың 4 түрінен ОҚМА АҚ қызметкерлері арасындағы XXXVIII Спартакиада өтті. Сайыстың ашылу салтанатына академияның бірінші проректорі Есиркепов Марлен Махмудович пен Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы қатысып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.
Спартакиадаға қатысқан 7 команда жарыс көркін қыздырды. Спорттық жарыс өте тартысты өтті. Өткізілген іс-шараға қатысушылардың барлығы да белсенділік танытып, өздерінің спортқа деген оң көзқарастарын көрсете білді. Қызметіне, жасына қарамастан спорттың барлық түріне қатысқан қызметкерлерді атап айтсақ: Орманов Нурлан Керимбекович, Гавриков Владимир Вениаминович, Аширов Шадияр Алдиярович, Арыстанбаев Куттыбек Есенгельдиевич. Салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Жарыс соңында Жеңімпаз бен жүлдегерлерге диплом мен ақшалай сыйлақтар табысталды

Жарыс қорытындысы бойынша:

 

Волейбол
I орын – ОҚМА жанындағы медколледж
II орын – «Жастар-КТБО» командасы
III орын – Ректорат ұжымы

 

Арқан тарту
I орын – «Қазақстан тарихы, әлеуметтік қоғамдық пәндер және Әлеуметтік гуманитаралық пәндер» кафедралары
II орын – Әкімшілік-шаруашылық департаменті
III орын – «Жастар» командасы

 

Дойбы
I орын – «ФӨТ және инженерлік пәндер» кафедрасы- Мүсірепова Айжан
II орын – ОҚМА жанындағы медколледж – Ережеп Ақниет
III орын – « Мед биофизика және ақпараттық технологиялар» кафедрасы – Бердиева Меруерт

 

Шағын футбол
I орын – Әкімшілік-шаруашылық департаменті
II орын – Ректорат ұжымы
III орын – ОҚМА жанындағы медколледж

19.01.2023, 17:18
420 қаралым