ОҚМА АҚ "Қазақстан студенттер альянсының" таныстыру кеші

07.11.2023ж Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Болашақ АЖО жанындағы "Қазақстан студенттер альянсы"ұйымының ресми таныстыру кеші өтті. Кешке ОҚМА "Болашақ" АЖО-ға қарасты ұйым студенттері, М.Әуезов атындағы ОҚУ ҚСА студенттері, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ҚСА студенттері қонақ болды.
Іс шара мақсаты: тәрбие жүйесін жетілдіру; студенттер арасындағы сыйластықты, адамгершілікті, бірлесе жұмыс атқару, өзін өзі дамыту; еріктілікті дамыту; студенттік өзін-өзі басқару ұйымының бірегей форматын қалыптастыру.
Аталған кездесу барысында интеллектуалды бағыттағы ойындар ойналып, ұйым басшысы өздерінің алға қойылған жоспарларымен бөлісіп, ұйымға қабылданған жаңа мүшелерге сәттілік тіледі.

10.11.2023, 11:54
249 қаралым