ОҚМА АҚ «Барыс» спорт клубының таныстыру кеші

09.11.2023ж Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Болашақ АЖО жанындағы "Барыс" спорт клубының ресми таныстыру кеші өтті. Кешке ОҚМА "Болашақ" АЖО ұйымының төрағалары, белсенді студенттері, жастар саясаты бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Іс шара мақсаты: тәрбие жүйесін жетілдіру; студенттер арасындағы достастықты, бірлесе жұмыс атқару, өзін өзі дамыту; спортқа баулуды; студенттік өзін-өзі басқару ұйымының бірегей форматын қалыптастыру.
Аталған кездесу барысы ұйым мүшелерінің дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, студенттерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ұйым басшысы өздерінің алға қойылған жоспарларымен бөлісіп, ұйымға қабылданған жаңа мүшелерге сәттілік тіледі.

14.11.2023, 12:53
291 қаралым