Open Labyrinth және Team Based Learning элементтерімен НЖТ әдісімен студенттерді оқыту
Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында жетекші оқытушылар белсенді оқыту әдісімен ашық сабақ өтті. «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» БББ бойынша Асильбекова А.Д., профессор м.а. В- ФӨТА-03-20 тобында PBL белсенді оқыту әдістері және Open Labyrinth элементерін қолдана отырып НЖТ бойынша, «Фармация» БББ бойынша Джанаралиева К.С., аға оқытушы - В-ФКБ-01-19 тобында, Карабаева А.Н., аға оқытушы - В-ФКБ-02-19 тобында «Нақты жағдайларды талдау» (НЖТ) белсенді әдістерді қолдана отырып сабақ өтті.
НЖТ интерактивті әдісі студенттердің топтық ойлау қызметтерін дамытуға негізделген проблемалық оқыту әдістерінің бірі болып табылады. БОӘ білім алушының қызығушылығын белсендіреді және материалды тереңінен үйренуге сәйкестендіреді, студенттерге кәсіби дайындықта жаңа ақпараттық ресурстарды кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.
Сабақты жүргізу үшін дәрілік заттардың сапасын бақылау бойынша ДЗСҰО сынақ зертханасынан нақты тәжірибелік жағдай баяндалды: сапасын бақылау және зертханалық сынамалар жүргізу үшін тәуекелге негізделген тәсілді ескере отырып, нарықтан дәрілік заттардың сынамаларын іріктеу туралы бөлшек сауда дәріханасына ескертулер түсті.
Нақты жағдайларды шешу үшін студенттер дәрілік заттардың сапасын бақылау сынақ зертханасында аналитикалық химик рөлін орындады.
Фармацевтикалық талдау бойынша білім алушылар сабақта папаверин гидрохлориді мен дротаверин гидрохлоридінің, сонымен қатар рибофлавин субстанциясының идентификациясын және тазалығын анықтау және талдау жұмыстарын жүргізді, сабақта студенттер кәсіби тәжірибеден алынған проблемалық жағдайларды шешуде куәгерлер және қатысушылар рөлін атқарды. Білім алушылардан жағдайды терең талдап және ұсынылған жағдайдан ең сәтті, оңтайлы шешім қабылдау талап етілді.
Белсенді әдістерді қолдана отырып өткізілген зертханалық сабақтар студенттердің белсенді оқу-тәжірибелік іс-әрекетін қамтамасыз етті, олардың фармацевтикалық талдау және дәрілік заттарды сандық анықтау үшін әртүрлі көздерден қажетті ақпаратты өз бетінше табу, шығармашылық тұрғыда өңдеу және пайдалану қабілеттерін қалыптастырды, сол арқылы сабақтың зертханалық бөлімін тиімді өткізді.
«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» БББ бойынша білім алушылардың алдында сабын синтезін жүргізу және дайын кір және дәретхана сабынындағы май қышқылдарының құрамын анықтау үшін майларды сабындау әдісін қолдану мақсаты тұрды. Жұмысты орындау үшін оқу топтары екі шағын топқа бөлінді.
Оқу материалын бекіту үшін білім алушыларға «Жалпы химиялық технология» пәнінен алған білімдерін қолдана отырып, кір және дәретхана сабындарын өндірудің химия-технологиялық сызбасын құрастыру тапсырмасын шешу ұсынылды.
Ситуациялық-бағытталған оқыту әдістемесіне студенттердің жеке (google платформада тестілеу) және виртуалды өндірісті – «Оpen labyrinth» қолдана отырып жұмыс жасау арқылы топтық жұмыстары кірді, оның мәні виртуалды өндірістік ортада мәселені шешу болды. Ситуациялық тапсырмаларды қолдану студенттердің назарын белгілі бір мәселелерге аударуға және оқу үдерісінің мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік берді, оны оңтайландыруға және студенттердің осы пәнді оқуға деген ынтасын арттыруға ықпал етті.
Ситуациялық, проблемалық-бағдарлы оқытуды пайдалану сабақтарды өткізудің пассивті формаларына жақсы балама болып табылады, ол коммуникативті дағдыларды дамытады, оқу материалын жақсы меңгеруге ықпал етеді, мінез-құлық және кәсіби дағдыларды дамытуға және жетілдіруге ықпал етеді.