Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының аға оқытушысы Ш. Ж. Құрманбекованың Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетімен академиялық ұтқырлығы

24.11.2021 жылдан 08.12.2021 жыл аралығында академиялық ұтқырлық аясында "Микробиология, вирусология және иммунология" кафедрасының аға оқытушысы Курманбекова Ш. Ж. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің " Микробиология,вирусология және иммунология" кафедрасында " Жалпы микробиология иммунология негіздерімен " пәні бойынша келесі тақырыптар бойынша онлайн режимде сабақтар өткізілді:
1. Иммунобиологиялық препараттар және оларды қолдану – дәріс-25.11.2021
2. Иммундық жүйенің жасушалары – БОӨЖ - 24,25,26.11.2021.
3. Иммундық жауаптың супрессиясы – БОӨЖ - 2,3,7.12. 2021.
Сабақтар қазақ тілінде "Жалпы медицина" мамандығының 2 курс студенттері үшін оқытудың заманауи әдістері бойынша дәріс 205-208,213-215 ЖМҚАБ топтарына, БОӨЖ сабақтары 203,205, 211,213 ЖМҚАБ топтарында өткізілді. "Иммундық жүйенің жасушалары", "Иммундық жауаптың супрессиясы" тақырыптарын талқылау кезінде басқа пәндермен байланыс орнатуға мүмкіндік туды.
Кейбір сабақтар пікірталас түрінде өтті, мысалы,"вакциналардың, анатоксиндердің, диагностикумдардың иммунобиологиялық препараттарын дайындау және қолдану". Вакциналардың түрлеріне егжей-тегжейлі тоқтала отырып, студенттер коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация туралы өз пікірлерін білдірді. Оқу барысында студенттер талқылауға белсенді қатысып, объективті кері байланыс ұсынды, барлық сабақтарда кәсіби білімдері мен практикалық дағдыларын кеңейту мүмкіндігі олардың ерекше қызығушылығын тудырды.

20.12.2021, 12:14
464 қаралым