Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы PhD докторантураға түсушілер үшін 2023 жылдың 1 ақпанынан 31 мамырына дейін алдын ала іріктеудің басталғаны туралы хабарлайды!
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына сәйкес іріктеу кезеңі PhD докторантураға түсу үшін міндетті болып табылады. «ОҚМА» АҚ іріктеу кезеңінен өтпеген тұлғалар түсу емтихандарына жіберілмейді.
«ОҚМА» АҚ төмендегі білім беру бағдарламалары бойынша PhD докторантураға түсушілер үшін іріктеу кезеңін өткізеді:
• 8D10139 «Қоғамдық денсаулық сақтау»
• 8D10140 «Фармация»
• 8D10141 «Медицина»
АЛДЫН АЛА ІРІКТЕУ ҮШІН СҰРАТЫЛАТЫН ҚҰЖАТТАРДЫҢ тізбесі:
1) «ОҚМА» АҚ ректорының атына өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) Резидентураны немесе магистратураны бітіргенін растайтын құжат (резидентурада немесе магистратурада оқып жатқаны туралы анықтама);
4) Жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған еңбек қызметін растайтын құжат;
5) Еркін нысандағы мотивациялық хат;
6) Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі;
7) Жоспарланатын ғылыми зерттеуге аннотация;
8) Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат;
9) ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ).
Толық ақпарат алу үшін қабылдау комиссиясына қоңырау шала аласыз немесе WhatsApp-қа жаза аласыз:
Батырбай Сымбат Азатханқызы: 8-747-131-97-97
Бекболатқызы Айман: 8-747-979-41-33
Тел:8(7252)-39-57-57 (ішкі*1029)
Почта: unkrdm@mail.ru