Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері - Фармация және фармакология бойынша Халықаралық студенттер олимпиадасының жүлдегерлері
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері 2024 жылғы 22 қарашада Уфа қаласындағы Башқұрт мемлекеттік медицина университетінің базасында фармация және фармакология бойынша өткен «Дәрілік препарат: идеядан пациентке дейінгі жол» атты халықаралық студенттік олимпиадасынан жүлделі орын алып, өздерінің дайындық деңгейін растады. Олимпиадаға Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь және Қазақстанның түрлі аймақтарынан 18 команда қатысты.
Топ жетекшісі ретінде Орынбасарова Күлпан Кенжебаевна және «Фармация» білім беру бағдарламасының 4 және 5 курс студенттермен бірге: Несванова Екатерина, Нұрлыбек Ақерке, Егешова Аида, Ғалымқызы Диана және Усманова Рано, жалпыкомандалық есепте 2 орынға ие болды және фармакогнозия пәні бойынша ситуациялық есептерді үздік шешкені үшін грамота алды.
Жарыс үш кезеңнен тұрды: команданың және ЖОО сәлемдесу бейнеролигінің тұсаукесері, бейіндік пәндер бойынша тест тапсырмаларын топтық шешу және бес бағыт бойынша ситуациялық есептерді топтық шешу: фармацияны басқару және экономика, фармацевтикалық химия, фармакогнозия, дәрілер технологиясы және фармакология.
Фармация және фармакология бойынша халықаралық студенттік олимпиаданың негізгі шешу кезеңнің бірі бейне-роликті презентациялау, соңында ұйымдастырушылар оның креативтілігін және ақпаратты ұсынудың қисындылығын атап өтті және жоғары бағалады.
Ұйымдастырушылар сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан медицина академиясын халықаралық деңгейде таныстырған студенттеріміздің терең білімін, сенімділігі мен шығармашылық көзқарасын атап өтті. Бұл жетістіктер Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында алатын білімнің жоғары деңгейін тағы да растайды және студенттерді жаңа жеңістерге ұмтылуға шабыттандырады.
ОҚМА білім алушылары Уфаның ең ірі фармацевтикалық қоймасы – «ФармЛендке» баруға мүмкіндік алды. Экскурсия студенттерге дәрі-дәрмектерді сақтау мен логистиканың заманауи технологияларымен, сондай-ақ ауқымды фармацевтикалық қойманың жұмысын ұйымдастырумен танысуға мүмкіндік берді. Соңында жақсы естелік қалдыру үшін барлық қатысушыларға сыйлықтар мен кәде сыйлар табыс етілді.
Мәдени бағдарлама аясында білім алушылар Башқұртстанның символы болып табылатын әйгілі Салават Юлаев ескерткішінің жанында болып, Ақ өзеннің әсем жағалауында серуендеп, оның әдемі көріністерін тамашалады, сондай-ақ заманауи «Арт-Квадрат» қалалық мәдениет орталығымен таныса отырып қаланың мәдени өміріне тәнті болды.
Қаланың мәдени орындарымен танысу олимпиаданың бай бағдарламасын толықтырды, ұмытылмас әсер қалдырды және басқа шет елдердің үміткерлерімен достық байланыс нығайтуға септігін тигізді.
Олимпиадаға қатысқан жетекшінің және студенттердің атынан Фармация және фармакология бойынша халықаралық студенттік олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізудің жоғары деңгейде өткізгені үшін Башқұрт мемлекеттік медицина университетіне шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Іс-шараның тамаша ұйымдастырылуы және жылы қабылдау Олимпиадаға қатысуды жемісті ғана емес, ұмытылмас тәжірибеге айналдырды.
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының басшылығына ЖОО-ны осындай беделді іс-шарада ұсынуға және Уфу қаласына баруға мүмкіндік бергені үшін ерекше ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Бұл тәжірибе біздің студенттердің кәсіби және жеке дамуындағы маңызды кезең болды.