«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында» 25 қазан Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

2024 жылдың 23 қазан күні «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының» үлкен мәжіліс залында Жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен 25 қазан «Республика күніне» арналған салтанатты іс-шарасы өтті.
Оқу орнының ұжымы мен білім алушылары қатысқан жиында ОҚМА ректоры Сейтжанова Жанна Серікжанқызы құттықтау сөзбен ашып, атаулы күннің маңызына тоқталды. Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен басталды.

Жиын барысында академияның бірқатар оқытушысы мен қызметкері отандық білім беру саласын дамыту жолындағы қажырлы қызметі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің төсбелгісі,құрмет грамотасы, алғыс хатымен және ОҚМА АҚ дара құрылтайшысы С.Сейтжанов пен ОҚМА АҚ ректоры Ж.Сейтжанованың «Алғыс хаты» және «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Мерекелік іс-шарада өнерлі студенттер патриоттық ән, билерін орындады. Қазақстан Республикасының Президентті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 2023 жылдаң бастап Республика күнің ұлттық мереке ретінде жаңа мазмұнда өтудеміз. Республика күні- отандастарымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын,бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке.

23.10.2024, 16:25
137 қаралым