«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ ректорының Назарбаев Университеті медицина мектебінің профессорларымен кездесуі

2024 жылғы 26 қарашада Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының (ОҚМА) ректоры Сейтжанова Жанна Серікжанқызының «NAZARBAYEV UNIVERSITY» медицина мектебінің профессорлары Джонас Круз және Паоло Колет-пен кездесуі өтті. 
Кездесудің негізгі мақсаты медициналық білім беру және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылау болды. Тәжірибе алмасу және озық технологиялар мен инновациялық әдістемелерді игеру үшін айтарлықтай ғылыми беделі бар медицинаның әртүрлі салаларындағы мамандарды тартуға мүмкіндік беретін "Visiting — professors" бағдарламасы мен бірлескен зерттеу жобаларын іске асыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Джонас Круз және Паоло Колет Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының денсаулық сақтау мамандарын даярлауға қосқан үлесін жоғары бағалады және тәжірибе мен ғылыми жетістіктермен бөлісуге дайын екендіктерін білдірді. Өз кезегінде ОҚМА ректоры халықаралық стандарттарға сәйкес келетін медицина ғылымы мен білім беру бағдарламаларын дамытуда бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті. 
Бұл кездесу Қазақстанның екі жетекші жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми және білім беру байланыстарын нығайту жолындағы маңызды қадам болды.

09.12.2024, 17:17
127 қаралым