"Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы" АҚ-да аймақтық нефрология конференциясы өтті

2025 жылғы 28 наурызда АО "ОҚМА" мәжіліс залында «Ішкі аурулар клиникасындағы инновациялар мен прогресс – Интегралды нефрология» тақырыбында аймақтық нефрология конференциясы өтті. Конференцияға Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның жетекші нефролог мамандары қатысты. Бұл іс-шара бүйрек ауруларын диагностикалау мен емдеудің өзекті мәселелерін талқылау, сондай-ақ клиникалық практикаға заманауи тәсілдерді енгізу үшін маңызды алаңға айналды.
Конференцияны "ОҚМА" ректоры, Жанна Серікжанқызы Сейтжанова ашып, талқыланатын тақырыптардың маңыздылығын атап өтті және барлық қатысушыларға нефрологияның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Бағдарлама аясында қазіргі заманғы нефрологияның концептуалдық парадигмалары, артериялық гипертензия және созылмалы бүйрек ауруы бойынша жаңа ұсынымдар, бүйрек трансплантатының өмір сүру мәселелері және клиникалық тәжірибеде зәр биомаркерлерінің рөлі қарастырылды.
Конференция барысында АМУ профессоры Салтанат Туғанбекова, Ұлттық бүйрек қорының профессоры Багдат Сұлтанова, МУА доценті Гүлжан Ертлесова, ОҚМА профессоры Чокан Баймұхамедов және басқа да жетекші мамандар баяндама жасады. Олар өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісіп, аймақтағы нефрологияның даму болашағын талқылады.
Талқылаулар барысында созылмалы бүйрек ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері, пациенттерді тамақтандыру және метаболикалық қолдау, сондай-ақ морбидті семіздік пен созылмалы бүйрек ауруының даму қаупі бар пациенттерге пластикалық хирургияның инновациялық әдістері қарастырылды.
ОҚМА-дағы аймақтық нефрология конференциясы нефрология саласындағы ғылыми зерттеулердің жоғары деңгейін көрсетті және әртүрлі елдердің мамандары арасындағы пәнаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

31.03.2025, 09:57
47 қаралым