«Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы» АҚ 45 жылдығына арналған II Халықаралық жас ғалымдар мен студенттер форумының салтанатты жабылу рәсімі өтті.
2024 жылдың 18 қазан күні «Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы» АҚ 45 жылдығына арналған II Халықаралық жас ғалымдар мен студенттер форумының салтанатты жабылуы өтті. Іс- шараға еліміздің түрлі аймақтарынан және алыс жақын шет елдерден келген студенттер мен жас ғалымдар, соның ішінде Ташкент қаласынан, Ташкент фармацевтикалық институты, И.К Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина университеті, Әбу Әли ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институты,С.Д Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Қарағанды медицина университеті, Астана медицина университеті, Семей медицина университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті қоса алғанда, жетекші отандық медициналық жоғары оқу орындарың студенттері қатысты. Форумның салтанатты жабылуында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының бірінші проректоры Есіркепов Марлен Махмудұлы форумның ұйымдастырушылары мен қатысушыларға алғыс білдіріп,форумның жеңімпаздарын құттықтады.
Стартап байқауында демеушілік көрсеткен Нұрсұлтан Назарбаев қорына Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының атынан алғыс айтылып,жүлдегелерді марапаттау үшін сахнаға Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жобаларының аға үйлестірушісі, Едігеева Роза Мақашқызы шақырылды. Секция жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды. Форумның өткізілуі – жастардың білімділік деңгейінің жоғарылығын, зерттеушілік қызығушылықтарының артуын, ғылыми ой-пікір алмасуға деген ынтасын көрсетті.