«Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы» АҚ 45 жылдығына арналған II Халықаралық жас ғалымдар мен студенттер форумы

2024 жылдың 17 қазан күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының үлкен мәжіліс залында II Халықаралық жас ғалымдар мен студенттер форумының салтанатты түрде ашылуы өтті. Форумның салтанатты ашылуына Есиркепов Марлен Махмудович- «ОҚМА» АҚ Бірінші проректоры, м.ғ.к.,профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі,Жұмабаев Нұрдәулет Нарбекұлы- «Өмір және денсаулық туралы ғылымдар орталығы» бас академиялық қызметкері,Едігеева Роза Мақашқызы – Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жобаларының аға үйлестірушісі, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы, Шанмугам Р. - TIFAC CORE дәрілік өсімдік құралдары орталығының үйлестірушісі және басшысы, JSS Фармацевтика колледжі, Ути, Родина Татьяна Александровна- химия ғылымдарының кандидаты, «Фармацевтикалық талдау орталығының» бас маманы, Мәскеу, Ресей Федерациясы, Жапаров Сухраб Абайдуллаевич-Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Ғылым кеңесі төрағасының орынбасары қатысты. Жас ғалымдар форумы-бұл әртүрлі елдердің ғылыми қызметкерлері, ғалымдары мен білім алушылары арасында білім, дағды, тәжірибе алмасуға бағытталған коммуникациялық алаң. Форумның басты мақсаты- еліміздің және басқа да мемлекеттердің келген жас ғалымдардың ғылыми жетістіктерімен алмасу үшін платформа құру, жас зерттеушілерді алаңдататын ең өзекті мәселелерді талқылау және жастар арасында ғылыми білімнің таралуына ықпал ету болды. Конференция аясында онлайн-оффлайн форматында тақырыптық 16 секция өткізілді. Секция жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

17.10.2024, 17:41
228 қаралым