«Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы» АҚ 45 жылдығына арналған II Халықаралық жас ғалымдар мен студенттер форумы

2024 жылдың 16 қазан күні Шымкент қаласы Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясында «Хирургиялық пәндер бойынша екінші халықаралық олимпиаданың бірінші күні өтті. Іс- шараны Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының бірінші проректоры Есіркепов Марлен Махмұдұлы ашып беріп, студенттерге сәттілік тіледі. Келесі сөз кезегі, Тәжірибелік дағдылар орталығының басшысы Қалменов Нұрлан Джуманович жалғастырып, командалардың реттік санын анықтау үшін жеребе тарту рәсімін бастап берді. Іс- шараға еліміздің түрлі аймақтарынан және алыс жақын шет елдерден келген студенттер мен жас ғалымдар, соның ішінде Ташкент қаласынан Ташкент фармацевтикалық институты, И.К Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина университеті, Әбу Әли ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институты,С.Д Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Қарағанды медицина университеті, Астана медицина университеті, Семей медицина университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті қоса алғанда, жетекші отандық медициналық жоғары оқу орындарың студенттері қатысты.

17.10.2024, 11:50
376 қаралым