Өнер мен ғылым: Неврология бойынша студенттік ғылыми жобалар кафедраның басты назарында

2024 жылдың қыркүйек айының 17 –ші жұлдызында Неврология, психиатрия, реабилитология және нейрохирургия кафедрасында маңызды іс - шара өтті. Ағылшын тілді топтардың студенттері даярлаған ғылыми жобаларын қорғады. Бұл топтар: В-ЖМША-05-20, В-ЖМША-06-20, В-ЖМША-07-20, В-ЖМША-08-20. Іс-шара барысында студенттер миастения, Хантингтон хореясы, шашыраңқы склерозы, Гийен-Барре синдромы, спиноцеребеллярлық атаксия сияқты неврологиялық ауруларға арналған өз жұмыстарын ұсынды.
Жобаларды бағалаған қазылар алқасына кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы кірді. Олар барлық презентацияларды мұқият тыңдап, жобалардың тақырыптарына қатысты сұрақтар қойып, конструктивті пікірлер мен ұсыныстар жасады.
Әрбір жоба егжей-тегжейлі қаралып, талқыланды, бұл студенттердің жетістіктері ғана емес, сонымен қатар қосымша зерттеуді және нақтылауды қажет ететін салаларды да анықтауға мүмкіндік берді. Қазылар алқасы жұмыстарды бағалау кезінде ғылыми зерттеулердің маңыздылығына, презентацияның сапасына және ұсынылған мәліметтердің тереңдігіне ерекше назар аударды.
Іс-шара конструктивті және достық көңіл-күйде өтті, бұл білім мен идеялар алмасуға ықпал етті. Барлық қатысушылар өздерінің ғылыми қызығушылықтары мен кәсіби дағдыларын одан әрі дамытуға көмектесетін құнды ұсыныстар алды.
Студенттердің еңбекқорлығы мен белсенді қатысқандары үшін қазылар алқасы мүшелеріне сараптамалық пікірлері мен қолдаулары үшін алғыс айтамыз. Нәтижелер неврология саласындағы болашақ зерттеулер мен ғылыми жетістіктерге негіз болады деп күтеміз.

20.09.2024, 10:00
204 қаралым