Олимпиада – 2023 «Көшбасшылық және командадағы жұмыс»
30-31 қазанда онлайн форматта КеАҚ «Семей медицина университінің» қоғамдық денсаулық кафедрасының ұйымдастырумен «Көшбасшылық және командадағы жұмыс» тақырыбында жоғары оқу орындары аралық пәндік олимпиада өтті.
Қатысушылар «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша 3-4 курс студенттері, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы (Ақ халатты абзал жан), Астана қаласының медицина университеті (екі топ: One pice және Алаш), және Семей қаласының медицина университеті (Гиппократ).
Олимпиада бағдарламасы 2 турдан тұрды. 1-ші турда барлық білім алушылар тест тапсырды. Екінші турда әр топтан 6 адамнан тұратын команда құрылды. Командалық турдың тапсырмалары кроссвордтар, практикалық дағдылар мен басқарушылық дағдылар бойынша шығармашылық ойын болды.
Олимпиада қорытындысы бойынша біздің команда 3 орынға ие болды.