«Ойға үйрету емес, ойлауға үйрету»
Бүгінгі таңда әрбір оқытушының ойында туындайтын мәселелердің ішінде «Оқу дәрісін қалай қызық әрі нақышпен өткізуге болады? Өзімнің пәнім бойынша студенттерді қалай қызықтыруға болады? Әр сабақта студенттерді жетістікке жеткізу жолдары қандай?» сыңайлы сұрақтар туындайды, өйткені әр педагог өз пәні бойынша студенттердің білімдерін неғұрлым жоғары деңгейде болуын армандайды. Тілді үйрену және меңгеру – өмірлік жағдайлардың барлығында дерлік қажет нәрсе. Осыған орай, 2016 жылдың 4 наурызында қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Амандықова Сәуле Хамзеевнаның ашық сабағы орын алды. Ашық сабақтың тақырыбы «Профессиональная речь фармацевта» және сабақтың мақсаттары анықталды: жалпы мәдениеттілік және кәсіби компетенцияларды дамыту. Студенттердің «Менің мамандығым - фармацевт», «Фармацевттердің рәміздері», «Өте ұзын терминдердің тізімі» атты презентациялары шығармашылық қабілеттерін аша түсті. IQ технологиясы бойынша SWOT – талдау барысында - «Древо мудрости «Кто я?» - студент жастардың өмірдегі және болашақ мамандығындағы мақсаттары айқындалды. Командалық жұмыс үдерісінде капитандардың «Алфавит» сайысы жастардың тапқырлығын танытты. Сонымен қатар, түсіндірмелік – ақпараттық блок, фармацевттердің дәріханаға келушілермен дұрыс қарым-қатынас құру ережелері, медициналық сұрақтар сайысы және «Интересные факты в фармакологии» сөз сайысы, «Займите позицию «За» и «Против» тапсырмалары аса қызықты болды.
Осы сыңайлы тәжірибелік сабақтар студенттердің коммуникативтік және шығармашылық қабілеттерін, өзіндік талдау, креативтік ойлау қабілеттерін шыңдай түсетініне күман жоқ. Ұстаздың жоғары шеберлігі мен оқытудың жаңаша технологияларды оңтайлы пайдалана білуінің арқасында өткізілген дәріс қызықты және нәтижелі болды. Бұл орайда айтатынымыз: сөз ойды ұйықтату үшін емес, басқалардың ойын ояту үшін қажет.