Облыс әкімінің жастар балы

Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 16 қараша күні «Арман» салтанат сарайында «Облыс әкімі жастарының балы» өтті.

1122 1122

 

Облыс әкімі мен облыстық маслихат депутаттары, облысымыздың құрметті азаматтары, зиялы қауым өкілдері, ЖОО-ның басшылары қатысқан шара өте жоғары деңгейде өтті.

1124  1125

 

Аталған шарада ОҚМФА-ның жастары белсенді түрде өз үлестерін қосып, 12 студентіміз алдыңғы қатарда билеп, Венн балының үздік жұптары атанды. Сонымен қатар, арнайы шақыртумен барған «Болашақ» АЖО-ның белсенді мүшелері мен жастар саясаты бөлімінің қызметкерлері де қос қуаныштың куәгері болып қайтты. Ең басты  қуанышымыз – «Үздік жастар» премиясында «Фармация» мамандығының 4 курс студенті Арзықұлова Айдана «ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМ» номинациясы бойынша облыс әкімі Ж.Қ.Түймебаевтың қолынан диплом алып, қаржылай сыйлықпен марапатталды. 

1126

16.11.2017, 05:32
264 қаралым