Оқу жылының алғашқы жеңісі құтты болсын!

821 9

2016 жылдың 23 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері  министрлігінің ОҚО бойынша департаментінің ұйымдастыруымен  «Брейн ринг» интеллектуалды ойыны Бейнелеу өнері музейінде өткізілді.

821 8

Аталған ойынға 6 оқу орнының (ОҚМФА, ОҚМУ, ХГТУ, ХҚТУ, Мирас университеті, Сапарбаев атындағы гуманитарлық институты)  командалары қатысып, 4 тур бойынша  өз білімдерін көрсетті. Академиямыздың намысын қорғау үшін алдын ала жастар саясаты бөлімі арнайы студенттерді іріктеп, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Махатова Лейла Талғатқызы ҚР Заңдары аясында білімдерін шыңдады.

821 10

«Фармация» топ атымен шыққан медицина саласының өкілдері болса да, басқа оқу орындарының арасында мұқалмай, өз дәрежесінде оқу орнының намысын биікке көтере білген академияның 5 курс студенті Задыбек Назым, 4 курс студенті Дуйсенбиева Луиза, 1 курс студенті Әбдіқұл Биғали (топ басшысы) ІІІ орынды иеленіп, мәртебеміз көтеріліп қалды. Командамызға оқуда озат, болашақта биіктен көрінулеріне тілек білдіріп, жеңістеріңізбен құттықтаймыз. 

Жастар саясаты бөлімі

28.09.2016, 03:32
345 қаралым