«Оқу үдерісінде белсенді оқыту әдісін қолдану тәжірибесі» мастер-классы
Осы жылдың желтоқсан айында фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында «Оқу үдерісінде белсенді оқыту әдісін қолдану тәжірибесі» мастер-класс өткізілді. Мастер-класс бағдарламасына келесі сабақтарды жүргізу енгізілді:
· PBL әдісін қолдана отырып, токсикологиялық химиядан лабораториялық сабақ (қазақ тілінде);
· PBL және TBL әдістерін қолдана отырып, фармацевтикалық химия пәнінен лабораториялық сабақ (орыс тілінде);
· TBL әдісімен медициналық химиядан ОСӨЖ (орыс тілінде);
· TBL әдісі көмегімен синтетикалық дәрілік заттардың химиясы мен технологиясы пәнінен лабораториялық сабақ (қазақ тілінде);
· PBL және TBL әдістерін қолдана отырып, дәрілік заттарды стандарттау және метрология пәнінен ОСӨЖ (ағылшын тілінде).
Кафедра меңгерушісі, профессор Ордабаева С.К. аудиторияны мастер –класс бағдарламасымен таныстырды, онда базалық және профильді пәндер, оның ішінде, міндетті және элективті пәндердің өзара сабақтастығы кезектілікпен сипатталған. Белсенді оқыту әдісінің (БОӘ) негізгі мақсаттарына, олардың заманауи білім берудегі жетістіктері мен маңыздылығына тоқталды.
Сабақтарды жүргізуде Л.К. Сәрсенованың СBL (PBL) және TBL сабақтарын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқауы пайдаланылды (Алматы, 2014).
Токсикологиялық химия бойынша оқытушы НЖТ сот-медициналық сараптаманың шынайы өмірінен ұсынды.
Бұл жағдайда топ нақты оқиғамен жұмыс жасады, ол студенттерге стратегиясын дамытуға, мәселені тереңірек қарастыруға, тапсырманың лабораториялық бөлімін кезеңімен орындауға, әр студенттің шығармашылық белсенділігі мен тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Студенттер лабораториялық жұмысты орындауда өздерінің химиялық лабораторияда жұмыс жасаудағы кәсіби ептіліктері мен дағдыларын, химия-токсикологиялық талдау тәсілдері мен әдістерін меңгергендіктерін көрсетті. Оқиғаны талдау нәтижелерін студенттер топ алдында баяндады, алдын-ала сынаманы дайындау, зардап шегушінің алкогольмен қатар қолданылған күшті әсер етуші заттарын идентификациялау және сандық анықтау әдістері сұрақтары бойынша қорытынды жасады.
Фармацевтикалық химияда сабақты «Нақты жағдайларды талдау» (НЖТ) әдісімен жүргізу үшін «шынайы» оқиға сипатталды: уәкілетті органға медициналық мекемеден зерттелетін препараттың әсері жоқ екендігі және дәрілік түрдің жанама әсері бойынша шағыммен «сары карточка» келіп түсті. Аталған мәселенің себебін уәкілетті органмен бірге анықтау үшін препараттың нормативті құжатқа (НҚ) сәйкестігі жөнінде қосымша сараптама өткізу туралы шешім қабылданды.
Нақты жағдайды шешу үшін студенттер дәрілік заттар сапасын бақылау бойынша сынақ зертханасындағы химик-аналитиктің қызметін орындады. Осы мақсатта оқу топтары екі топқа бөлінді (шағын топтар). Әр шағын топ өздерінің көшбасшысын - «спикер» таңдады. Оқытушыдан тапсырма алған соң әр шағын топ НҚ бөлімдері бойынша дәрілік препарат субстанциясы мен таблеткаларына фармакопеялық талдау жүргізді.
Шағын топтар НЖТ карточкасындағы сұрақтар бойынша пайда болған сәйкессіздіктердің мүмкін болатын себептеріне талқылау жүргізді. Әр топ жағдайдан шығу мүмкіндіктері бойынша өздерінің ұсыныстары мен мәселені шешу алгоритмін енгізді.
Мастер-класстың келесі кезеңінде медициналық химиядан TBL - белсенді оқыту әдісін қолдана отырып, сабақ ОСӨЖ түрінде өткізілді. Бірінші шағын топтың студенттері аталған тақырып бойынша презентацияларын ұсынды, онда олар дәрілік препараттарды жасаудағы клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер маңызына тоқталды. Студенттер тақырыптың өзектілігін аша білді, қысқаша түрде жаңа дәрілік заттарды жасаудың заманауи әдістеріне тоқталып, дәрілік препараттардың құрылым-фармакологиялық әсері өзара байланысы туралы түсінік беріп өтті. Презентация ОСӨЖ бойынша әдістемелік нұсқауда мазмұндалған талаптарға сай дайындалған.
Презентациядан кейін пікір берушілер рөлін орындайтын екінші шағын топ өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды. Пікір берушілер презентацияны ақпарат мазмұны, дизайны, слайдтарды безендіру, фон, ақпарат көлемі, мәтіні бойынша бағалады. Олар қорытынды жасап, СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқауда көрсетілген критерийлер бойынша өз бағаларын берді.
Синтетикалық дәрілік заттардың химиясы мен технологиясы пәнінен лабораториялық сабақ TBL - топтық әдісті қолдана отырып жүргізілді. Студенттер үш шағын топқа бөлінді.
Бірінші топ синтездің лабораториялық және өндірістік үдерісінің теориялық сұрақтарымен жұмыс жасады, екінші топ – дәрілік препараттың лабораториялық жағдайдағы синтезі мен алынған өнімді тазалау жұмыстарын көрсетті, ал үшінші топ – синтездің материалды теңгеріміне есептеулер жүргізіп, алынған өнімнің өзі екендігін анықтады. Студенттер жұмыстарының нәтижелерін презентация түрінде қорғады.
Дәрілік заттарды стандарттау және метрология бойынша ОСӨЖ сабағы екі белсенді оқыту әдістерін - case-study және дискуссия қолдана отырып жүргізілді. Әдістемелік нұсқауға сай дискуссияның бір түрі «сараптаушы топтар мәжілісі» болып табылады. Фармацевтикалық қызметтер тәжірибесінен алынған үш мәселе бойынша сараптау, талқылау және сәйкес шешімдер қабылдау үшін сараптау тобы халықаралық фармакопеялық комитеттер (ҚР, РФ, Украина, АҚШ, Ұлыбритания, ЕЭО және Жапония) өкілдерінен құралды.
Мәжіліс спикері сарапшылар шешуі тиіс үш жағдаятты мақсаттарды ұсынды. Сарапшылар мәселелерді шешуде келесі сұрақтар басты назарда болды: дәрілік препараттың қажетті нәтіжесінің болмауы және жанама реакциялары, «ерітінді мөлдірлігі», «тектес қоспалар», «мөлшер біркелкілігі», сонымен бірге, «еру» және т.б. көрсеткіштері бойынша сәйкессіздік себептері. «Еру» тестінің бүгінгі күні дәрілік препараттардың тиімділігі, қауіпсіздігі және сапасының маңызды көрсеткіштері болып отырғандығы аталып өтті.
Нәтижесінде сараптама комиссиясының мәжілісінде жағдаятты есептерді шешу алгоритмі мен осы жағдайға ұқсас мәселелерді шешу бойынша нұсқаулық қабылданды.
Дискуссия жоғары деңгейде өтіп, өкілдер фармакопеялық мақалалардың артықшылығы мен кемшіліктеріне тоқталып өтті. Аталған мәселені талқылау кезінде студенттер белсенді қатысып, өздерінің пәнді жоғары кәсіби ағылшын тілі деңгейінде меңгергендіктерін көрсетті.
Білімдерін, практикалық ептіліктері мен дағдыларын бағалау кафедрада БОӘ өткізу үшін дайындалған белгілерді, сонымен бірге, ЖОО инновациялық оқыту әдістерін жүргізуге арналған нұсқаулыққа (Койков В.В., 2014) сай жүргізілді.
Әр сабақта студенттермен, мастер-классқа қатысушылармен, сонымен бірге, профессор-оқытушылар құрамы мен жұмыс берушілермен кері байланыс жүргізіліп отырды.
Кері байланыс жүргізу барысында студенттер инновациялық оқыту әдісінің тиімді жақтарын, атап айтқанда, диалог түріндегі қарым-қатынас, шынайы жағдайларды шешуде олар өздерін химик-токсиколог, химик-синтетик, сонымен бірге НҚ жасау саласында сарапшы ретінде сезінгендерін атап өтті. Олардың әрқайсысы жоғары деңгейде өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін нығайтып және коммуникативті дағдыларын ұлғайтты.
Студенттер сабақ соңында ақпаратты үстірт және механикалық есте сақтаумен бірге, оқытылып отырған материалды саналы және тереңірек түсінгендіктерін атап өтті. Біздің жағдайымызда, сонымен бірге, оның практикалық маңыздылығы да бар. Бұл оқыту түрі қосымша жабдықтарды қажет етпейді, материалды толық меңгеруін, сонымен бірге, аналитикалық ойлау қабілеті мен кәсіби құзыреттіліктерінің дамуын қалыптастырады.
«Santo Member of Polpharma group» АҚ, ДЗСҰО және сот медицина Орталығынан шақырылған тәжірибелік қызметкерлер белсенді оқыту, оның түрлері, әдістері көмегімен дәстүрлі әдіспен оқытуда қиындық тудыратын көптеген міндеттерді тиімді шешуге болатындығын және танымдық ғана емес, кәсіби дәлелдер мен қызығушылықтарын қалыптастыратындығын атап өтті. Біздің студенттердің кәсіби қызметтер туралы толық түсініктері бар, тәжірибелік дағдыларын меңгерген, оларда әлеуметтік ептіліктері мен топта өзара қарым-қатынас жасау дағдылары, сонымен бірге, жұмысқа деген жауапкершілік қалыптасқан.