Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына академиялық ұтқырлық бағдарламасына сәйкес Гданьск медициналық университетінен келген профессорларымен кездесу

2018 – жылдың 17 – 24 сәуір аралығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының академиялық ұтқырлық бағдарламасына сәйкес Гданьск медициналық университетінен профессоры, «Фармацевтикалық микробиология» кафедрасының меңгерушісі K.Waleron және профессор м.а. М.Waleron Микробиология кафедрасының ПОҚ-мен және студенттерімен кездесуге келді. Микробиология кафедрасында кездесу барысында қазіргі заманғы өзекті мәселелерді қозғайтын, ППС құрамына және студенттерге арнайы дәріс кешендері оқылды. Дәрістер «Микробиологияға кіріспе», «Бактериологиялық токсиндер әлемі», «Заманауи екпелер және олардың технологиясы.  Екпе жасаудың перспективтілігі» атты тақырыптарында жалпы медицина мамандығының студенттері мен ПОҚ-на  №1 дәріс залында оқылды. Дәріс өте қызықты өткізілді. Дәріс тақырыптарына сәйкес студенттер өздерінің сұрақтарын қойып, қажетті ақпараттарын алды. К.Waleron және М.Waleron профессорларымен алдағы уақытта бірлесіп, тығыз байланыста жұмыла жұмыс жасау жоспары және болашақта тәжірибе алмасу туралы айтылды. Кафедра К.Waleron және М.Waleron профессорларына үлкен алғысын білдіруде. Алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға белсене ат салысамыз.

1134 1

1134 2

1134 3

26.04.2018, 23:09
413 қаралым