ОҚМФА жастары «Денсаулық фестивалі-2016» акциясын өткізуді жалғастыруда
9.06.2016 ж. «Мега - орталық» аумағында акция өткізілді. Іс-шараның мақсаты – халық арасында салауатты өмір салтын ұстануды үгіттеу және денсаулық сақтау бойынша мәліметтермен таныстыру. Осыған орай, ОҚМФА «Болашақ» академиялық жастар орталығының мүшелері, Жастар саясаты бөлімі және Жастар денсаулық орталығы «Біз – саламатты өмір салты үшін!» ұранымен акция барысында белсенді қатысып, қазақ, орыс тілдерінде ақпараттық-танымдық метариалдар таратты.
Осы күні ОҚМФА спорт залында «Дене шынықтыру» курсы және «Барыс» спорт ұйымы белсенділерінің ұйымдастыруымен ұлдар және қыздар арасында шахмат ойнатылды. Мамыр айында өткізілген облыстық шахматшылар арасында өткен жарыстың жеңімпаздары атанған академия студенттері бүгін ОҚМФА-да өз өнерлерін көрсетті.