ОҚМФА түлектері маман атанды

802 1

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясында 4-15.06.2016ж.  аралығында  бітіруші түлектерге көптен күткен дипломдарын табыстау рәсімі өткізілді. ТжКББФ,  медициналық, фармацевтикалық факультеттер түлектері, Интернатура, магистратура және резидентураны бітірген түлектер үшін арнайы дайындалған бұл іс-шараға  деканаттар, Жастар саясаты бөлімі, Студенттік кәсіподақ ерекше дайындалды. Салтанатты рәсім ОҚМФА-ның  үлкен мәжіліс залында әр мамандық бойынша жеке тапсырылуда. Әр мамандық  бойынша факультетке  дипломдарды жеке тапсырудағы мақсат – түлектерге өз мамандығы бағытында ОӘЖ жөніндегі проректор М.Ұ.Анартаева және профессор-оқытушылардың жылы лебіздерімен қатар кәсіби бағытта айтқан ақыл-кеңестерін жеткізе отырып, әрбір түлекке ерекше көңіл бөлу болды.

802 2

Түлектерді кафедра меңгерушілері мен ата-аналар құттықтап, үлкен өмірге ақ жол тіледі.

Салтанатты рәсім барысында студенттер «Гиппократ антын» қабылдады.

802 3

Студенттік өмірдегі қызықты сәттерді бейнеролик көрсету арқылы еске алды.

2016 жылы ОҚМФА белсенділерінің ең көп бөлігі және ең беделді құрамы түлеп шықты. Оларға ОҚМФА ректорының алғыс хаты мен Жастар саясаты бөлімі және Студенттік кәсіподақ әзірлеген мадақтамалар мен сыйлықтар табысталды.

802 4

Салтанатты рәсім концерттік бағдарламамен сүйемелденді.  

20.07.2016, 06:17
381 қаралым