ОҚМФА студенті Тахиржан Абдурахманов үшін 2016 жыл жемісті болды

888 3

Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жанындағы медициналық колледждің бірінші курс студенті 18 жасар Т.Абдурахмановта жасөспірімдер арасында пауэрлифтинг бойынша қомақты жүлделері бар.

888 1

Тахир бес рет Қазақстан чемпионы болды. Оның қоржынында осы жылы сәуір айы Даниядағы Копенгаген қаласында өткен Еуропа чемпионаты турнирінің «алтын» жүлдесі бар. Одан кейін ОАР-да өткен әлем чемпионатында лифтер әлемдік Олимптегі американдықтарды ығыстырып «қола» жеңіп алды. Ал  қазан айында Ташкентте өткен Азия ойындарында Қазақстан командасына «алтын» жүлде жеңіп алды. Интернетте оқығанымдағыдай, «пауэрлифтинг – дұрыс тамақтану, қиын жаттығулар, жарақаттарға даярлық және толық берілуді талап ететін спорттың ауыр түрі.  Мұндай ауыр салмақты көтеру үшін аяқ, кол, кеуде бұлшықеттерінің жақсы дамуы қажет. Бұл спорт түрі үш базалық жаттығу аясында   өтеді.  Бұл - штанганы көтеру,  штангамен отырып тұру және тұрып көтеру. Осы жаттығулардың әрқайсысында атлет техникалық талаптарға сай максималды ауыр салмақ көтеру керек».

888 2

Спорт шеберлігіне кандидат Т.Абдурахманов осы үш жаттығулар шеңберінде жетістіктерге жетті, ал пауэрлифтинг секциясына ол осыдан бес жыл бұрын жарығы бар екені анықталғаннан  соң жазылды. «Бір шелек суды да көтере алмайтынмын» - деп айтты ол, -  Ташкенттегі клиника дәрігері анасына баласын спорт секциясына беруге  кеңес берген екен. 

888 4

Көп ойланбай, болашақ жас спортшы Шымкент қаласындағы өзі тұратын Ворошиловка мөлтек ауданында орналасқан «Қаратөбе» спорт кешеніне бет алды. Сол уақыттан бастап штанга, гиря, велосипед, жүгіру ....  Бастапқыда кішкентай салмақтан бастап, сонан соң 20 кг, 100 кг, 150 кг, 180 кг, 200 кг дейін көтере бастады, кәсіптік сөзбен айтқандай «кеудешемен» және «кеудешесіз», солай, уақыт өте келе, омыртқа, кеуде, қол және аяқ бұлшықеттері шыныға бастады. Және ол әр түрлі салмақ категорияларында дебютке шықты, соңғысы 93 кг дейін. Тахиржан  көлденең скамьяда жатып штанганы көтеруді, төбеге көтеруді еркін жасайды, бұл оған Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған пауэрлифтинг бойынша ОБЖСМ 12 ашық біріншілігінде 2015 жылдың мамыр айында алғаш рекорд жасауына мүмкіншілік берді.

888 5

Бұл жағдай оның Оңтүстік Қазақстан құрама командасына енуіне мүмкіндік берді. 2016 жылы өткен Азия чемпионатына «Қаратөбе» спорткешенінен 12 спортшы және 2 жаттықтырушы (Садыков Кахарман және Садыков Рустам) барды және 6 алтын, 4 күміс, 2 қола медаль жеңіп алғанын айта өту керек. Қазақстан атынан 40 үздік пауэрлифтингистер қатысты.

888 6

Ол, басқа да дарынды жастар сияқты, әсіресе мемлекетіміздің Тәуелсіздігін 25 жылдығын тойлау жылы, қазақстандық спорттың дамуына өзіндік лайықты үлесін қосуға тырысып жүрген жастардың бірі. Барлық бас турнирлерге спортшы ағымдағы жылда қатысты және де, қазақстандық жалау көтерілген әр кезеңде ол өз сезімін жасырған емес. «Осы кезде көз алдыңнан барлық жаттығуларың өтеді, ештеме жайлы өкінбейсін: ұйқысыз түндер, көптеген мемлекеттерден ұшақпен ұшып өту, жүктемелер жайлы өкінішің кетеді».

888 7

Енді ол 2017 жылғы жаңа жарыстарға – Оңтүстік Кореядағы әлем чемпионатына даярлануда.

Райхан ШАЙМЕРДЕНОВА, тілші.

29.11.2016, 01:16
433 қаралым