«ОҚМФА оқу үдерісіне клиникалық хаттамаларды енгізу» конференциясы
ҚР ӘДДСМ 2016-2019 ж.ж. арналған «Медициналық білімді жаңғырту» жобасы, сонымен қатар, «Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаларды жүзеге асырудағы 100 нақты қадам», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекс», 2016-2019 ж.ж. арналған «Денсаулық» денсаулық сақтау саласын даму Бағдарламасы сияқты негізгі нормативтік құжаттарды жүзеге асыру мақсатымен 2016 жылы 22 карашасында ОҚМФА дәлелді медицина бөлімі «ОҚМФА оқу үдерісіне клиникалық хаттамаларды енгізу» атты конференцияны өткізді.
Конференцияға академияның барлық клиникалық кафедралары қатысты: жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы, терапиялық пәндер кафедрасы, неврология, психиатрия және психология кафедрасы, АМСЖ акушерлік және гинекология курсымен кафедрасы, педиатрия және балалар хирургиясы, фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы, мейірбике ісі, анестезиология және реаниматология курсымен кафедрасы, хирургиялық пәндер кафедрасы. Алғашқы сөз дәлелді медицина бөлімінің бастығы, м. ғ. к. К. Е. Ахмадиеваға берілді.
Баяндамада ОҚМФА-ның барлық клиникалық және іргелі кафедралары мен білім берудің барлық деңгейлерінің (бакалавриат, магистратура, интернатура, резидентура) клиникалық хаттамалардың мониторинг деректерді ұсынылған, одан әрі конференция қатысушылары ҚР ӘДДСМ клиникалық хаттамалардың жасаушысы, ОҚМФА жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі Г. Н. Абуованың «Қазақстан Республикасының білім беру үдерісі мен денсаулық сақтау жүйесіне диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларын енгізу стратегиясы туралы» баяндамасын тыңдады. СBL әдісі «Рөлдік ойын», Case-study әдісі, бейнеконференция әдісі, СBL әдісі бойынша «Бейнеклиникалық жағдай» сияқты инновациялық әдістерді қолданумен бірге медициналық білім берудің түрлі деңгейлерде клиникалық хаттамаларды енгізу талдауы мен оқытудың әдістері таныстырылып, талқыланған 11 баяндамада айтылған. Клиникалық хаттамалар бойынша білімді бағалау әдістерімен және чек-парақтар, MCQ тесттер, ситуациялық есептерді қолдану арқылы олармен жұмыс жасау дағдылармен алмасты және де 2014-2016ж.ж. Қорытынды мемлекеттік резиденттерді аттестаттауына клиникалық хаттамалар бойынша клиникалық дағдыларды білу дағдылаудың әдісін енгіздік. Дәлелді медицина қағидаларына негізделген практикалық мінездемелер болып табылатын клиникалық хаттамаларын біздің еліміздің медициналық білім беруде қолдану біздің денсаулық сақтау жүйесін тым сапалы, тиімді, рентабельді етуге мүмкіндік береді және медициналық практиканы медициналық көмек көрсету халықаралық стандарттарға сәйкес ететіні конференцияда атап өтілді.