ОҚМФА-ның ПРОРЕКТОРЫ БЕКАЙДАР НҰРМАШЕВ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМЫН ДАМЫТУҒА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» БЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ҚР Ұлттық ғылым академиясы ғылым күні қарсаңында еліміздің ғылым саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, осы салаға өзіндік үлесін қосып, үздіктер қатарына іліккен бірқатар азаматтарға құрмет көрсетті. Солардың қатарында Оңтүстік қазақстан  облыстық мемлекеттік фармация академиясының проректоры Бекайдар Қалдыбаев та болды. Салтанатты жиында ҚР-сы ғылым және білім министрі А.Саринжипов ғалымды «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапаттады.

Жалпы ОҚМФА-ның ғылыми қызметкерлері 2014 жылы 136-ға жуық ғылыми-техникалық жұмыстарды атқарды.

Таяуда ғана осы білім ордасының оқытушысы, педиатрия және балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі А.Қарабековпен оның ассисенті Н.Нарходжаев республикалық «Шапағат» байқауының қорытындысы бойынша 2014 жылдың ең үздік өнертабысы» номинациясының жеңімпазы атанған еді.

 

Райхан ШАЙМЕРДЕНОВА.

17.04.2015, 04:45
608 қаралым