ОҚМФА МАГИСТРАНТЫ МАҒЖАН ШАМИЕВ БОЛГАРИЯДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС МЕДАЛЬМЕН ОРАЛДЫ

851 2

Жақында Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының магистранты, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мағжан Шамиев армрестлингтен әлем чемпионаты өткен Болгариядан оралды. Благоев Град қаласында ол күміс медальге ие болды. Атақты спортшы қоржынында әлем Еуропа, Азия чемпионатынан кубоктар бар.2016 жылғы Болгариядағы әлем чемпионатына әлемнің 56 мемлекетінен қатысушылар келді, оның ішінде турнирда сондай-ақ БАЭ, Непал, Гана және кейбір Африка мемлекеттерінен спортшылар қатысты.

851 1

Мағжан Шамиев – көп жылдар бойы әлемнің көп елдерінде әйгілі армрестлинг бойынша Шардара мектебінің түлегі. Мағжан Шамиев бас тренер Арман Романулы Қарсыбаевтың спорт мектебінің табалдырығын жас бозбала болып аттаған. Бүгінде А.Р.Карсыбаев Шардараның дене шынықтыру және спорт бойынша бөлімін басқарады. Қазан айында Арман Романұлы тренер Сейфулла Нұрхалықовпен қатаң іріктеу нәтижесінде Шардарадан 10 түлек  Болгарияға жіберді, олардың ішінде 5 алтын, екі күміс және екі қола медаль иегерлері бар. Барлығы Қазақстан намысын 70 спортшы қорғады. Жалпы Қазақстан қоржынында  20 алтын,17 күміс, 8 қола медаль бар. Мағжан  турнирде екі күміс  медальге ие болды және де осынысын қатты мақтаныш етеді.

851 3

Мағжан баяндағандай, 75 килограммға дейін  салмақ дәрежесінде құрметтеуге лайық 32 спортшы қатысты.  Жартылай финалға өту үшін ол әлемнің 4 дүркін чемпионы Литва спортшысы  Янис Амолинспен, сонан соң Еуропаның әрекеттегі чемпионы Грузия спортшысы Давид Самушьямен сайысқа түсті. Финалда (құрметті көрермен, осындай  жағдайлар чемпионаттарда кей кездерде орын алады) оның қарсыласы ретінде Шардарадан Шымболат Райханов түсті. Мағжан жеңісті 25 жасар Шымболатқа беріп, ол туралы өкінбеді.  « Қазақстан гимні ойнады  – бұл көпті түсіндіреді», - деп ашты  Мағжан, сағатқа көз сала отырып. Кешке ол Шардараға жиынға жиналды, онда ол Румиядағы (Польша) «Алтын тур» әлем кубогына ұшады. Сайыстар ТВ «Казспорт» және «Боец» қазақстан каналдарында көрсетіледі..

Біз өз кезегімізде Мағжанға жеңістер тілеп, Польшадағы спорт сайыстарын қадағалайтынымыз жайлы уәде бердік.

Райхан ШАЙМЕРДЕНОВА, журналист

01.11.2016, 22:33
430 қаралым