«ОҚМФА көшбасшысы – 2017» интеллектуалды-танымдық сайысы
2017 жылдың 29 қарашасында қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасында «ОҚМФА көшбасшысы – 2017»интеллектуалды-танымдық сайысы өткізілді. Аталған сайыстың басты мақсаты – студенттердің интеллектуалдық және шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау.
Сайысқа академияның «Жалпы медицина», «Фармация», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтарының бірінші курс студенттері, ТжКББФ-нің «Емдеу ісі», «Стоматология» және «Фармация» мамандықтарының оқушылары қатысты.
Сайыс келесі кезеңдерден тұрды:
1 кезең – «Разминка» (сұрақ және жауап);
2 кезең – «Полиглот» (жасырылған сөзді қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аудару);
3 кезең – «Эрудит» (әр түрлі санаттағы сұрақтарға жауап беру);
4 кезең – «Знатоки медицины» (логикалық тапсырмалардың шешімін табу);
5 кезең – «Финальный» (берілген жағдайларға сенімді, сенімсіз, агрессивті түрде іс-әрекет көрсету).
Сайысқа қатысушылар күрделілігі әр түрлі дәрежедегі сұрақтарға жауап берді. Олардың тіл байлығы, ой шапшаңдығы, шешендік қабылеті, топ алдында еркін сөйлеуі, тақырыпты аша және талдай білуі ерекше бағаланды.
Қазылар алқасының құрамына кірген «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының аға оқытушысы М.А.Тайжанова, оқу бөлімінің әдіскері Ж.К.Зулпухарова, ТжКББФ әдіскері А.А.Жиенбаеваның шешімі бойынша «Жалпы медицина» мамандығының 106-шы тобының студенті Нурдильдин Махамбет жеңімпаз аталып, құрмет грамотасымен марапатталды.