ОҚМФА «ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ» КЕҢ КӨЛЕМДІ АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

784 1

Бүгін ОҚМФА қызметкерлерінің мен оқытушыларының жұмыс күні жаттығудан басталды. 200 педагог және студенттер таңертеңгілік  жаттығуды ОҚМФА-ның әскери кафедрасының плацында орындады. Акцияға қатысушылар бірнеше қатарда сап түзеп, қазақстандық композиторлардың әуендері аясында қол, аяқ бұлшықеттерін қатайтуға арналған бірнеше жаттығулар жасады. Жаттығудан соң студенттер анағұрлым жаттығулар жасау үшін және 60, 100, 400, 500, 800 метрлік арақашықтықта жүгіру үшін «Буревестник» спорт кешеніне барып, ұзындыққа секіру, эстафеталарға қатысу сияқты жарыстарда өздерін сынады.

784 2

Спорттық іс-шаралар 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында бір апта көлемінде өткізіледі.

Спорттық іс-шаралар дене шынықтыру курсының оқытушылары және жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілді. 

08.06.2016, 03:14
473 қаралым