ОҚМФА-ДА БІРІНШІ РЕТ ҒЫЛЫМИ ҮЙІРМЕЛЕР АРАСЫНДА ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ

974 4

2017 жылдың 12 сәуірінде Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академияда студенттік ғылыми үйірмелер арасында Жәрмеңке өтті. Ұйымдастырушылар – ғылыми-клиникалық бөлім және Студенттік ғылыми қоғам. 

974 5

Жәрмеңке жұмысына 14 ғылыми студенттік қоғамдар қатысты, олар өз жұмыстарын, жүзеге асырылып жатқан жобалар, макеттер мен тұсаукесерлер, қызықты тәжірибелер мен сынақтарын көрсетті.

974 6

Барлық қатысушыларға қызықты квестте қатысуға мүмкіншілік берілді, ол жерде олар кепілді сыйлық ала алды. Сондай-ақ студенттер академия базасында жұмыс жасап жатқан үйірмелер, олардың жұмыс нәтижелерімен танысты, заманауи ғылымның өзекті жаңалықтары жайлы ақпаратпен танысты, өздеріне қызығушылық тудырған ғылыми үйірмелерге ары қарай ғылыми зерттеулерге қатысу үшін жазылды. Жәрмеңке орталығында оқыту үйірмесі ұйымдастырылды, онда барлық тілек білдірушілер қатысуға мүмкіншілік алды.

974 8

Жәрмеңке соңында 5 адамнан тұратын білікті комиссия үш номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады: «Үздік инновациялық үйірме», «Ең танымал үйірме», «Үздік презентация».

974 7

15.04.2017, 00:32
360 қаралым