ОҚМФА-ға қош келдіңіз!

812 1

2016 жылдың 1 қыркүйек күні ҚР Конституция күні мен Білім күніне орай академияның үлкен мәжіліс залында жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен І курсқа қабылданған студенттерге арналған салтанатты жиын өткізілді. Іс-шара алдын-ала бекітілген жоспарға сәйкес әр факультет жеке-жеке уақытымен өткізілді. 

812 2

Салтанатты шараны факультет декандары, атап айтқанда фармацевтика факультетінің деканы Н.Ж.Жұмабаев, медицина факультетінің деканы Б.З.Долтаева, техникалық және кәсіптік білім беру факультетінің деканы М.Ә.Отыншиев ашып беріп, оқу жылының басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Сонымен қатар, «Ата заң», «Мәңгілік ел» тақырыптарында әлеуметтік және гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Қ.Б.Кемелбеков пен Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушысы Б.Өтегенов баяндама оқыды.

812 3

Тіркеу бөлімінің басшысы С.А.Сыздықова жас студенттерге академияның тәртіп ережелерімен таныстырып, оқу үдерісі туралы кеңінен ашып көрсетті. Ал кітапхана-ақпараттық орталығының басшысы Р.И.Дарбичева кітапхана жүйесімен, кітап қорымен таныстырып, қалай пайдалануға болатынынан хабардар етті. Шараның соңы белсенді студенттердің орындауымен әсем әнге ұласты (қамтылған студенттер саны - 500).

812 4

02.09.2016, 22:51
512 қаралым