ОҚМФА 5 КУРС СТУДЕНТІ НҰРСҰЛТАН ҚАСЕНОВ ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЕРКІН КҮРЕС БОЙЫНША ТУРНИРДА ЕКІНШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ
Таңғы асқа еркін күрес бойынша спорт шебері, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы медициналық факультетінің 5-ші курс студенті, еркін күрес бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебінің түлегі Нұрсұлтан Қасенов арпа ботқасын немесе сүтпен жасалған қарақұмықты ұнатады. Дұрыс тамақтанудың негізі және төрт сағаттық күн сайынғы жаттығулар оның жетістіктеріне себеп. Қазан айында Қарағанды қаласында өткен Нүркен Абдиров атындағы республикалық турнирде Нұрсұлтан аты шыққан спортшылар арасында екінші орынды иеленді. Еркін күрес бойынша халықаралық турнирлер, Қазақстан чемпионаттары жеңіскері қоржынында 20 медаль, алтын – ел чемпионатында жасөспірімдер арасында, екінші, үшінші – Алматы, Талдықорған, Қарағандыда өткен халықаралық жарыстарда. Бүгінгі таңда біз Нұрсұлтан Қасеновты көптеген сұрақтарға жауап беріп, өз жайында, оқу, ЖОО жайында сұхбат беруін, және спорт формасында болудың маңыздылығы жайлы айтып беруін өтіндік.
- Еркін күрес спорттың айшықты түрінің бірі. Грек-римдік емес, еркін күресті таңдаған себебің неде?
- Шымкент қаласының Дина Нұрпейісова атындағы мектептің 7-ші сыныбында оқыған кезімде, азуға бел будым. Бір айдан соң отыз киллограммға аздым. Қызыға келе, жарыстарға бара бастадым. Бұл маған ұнады. Жеңіске жеткен кезімде, мені мақтан тұта бастады. Еркін күресті жанұям «Шығыс» мөлтек ауданына көшкен кезде де тастамадым, бұл жерде №28 ОМ оқуды жалғастырдым. ҰБТ-да 97 балл жинап халықтар достығы жекеменшік университетіне оқуға түстім, сонан соң ОҚМФА-ға ауысуға бел будым, бағдарламаның айырмашылығынан бір жылды жоғалттым, немесе бірінші курста екі рет оқыдым, бірақ оған өкінішім жоқ.
- Осы жылдары спорт сенде қандай қасиеттерді қалыптастырды?
- Спорттық мінез шыдамдылық, қарапайымдық, төзімділіктен құралады. Жеңілген жағдайда, өз ішкі жан-дүниеңді көрсетпей, күлімсірейсің. Жиындарда Жақсылық Үшкемпіров, Илья Ильин, Серик Сапиев, Маулен Мамыров, Ақжүрек Таңатаров сынды Қазақстан спортының аңыздарымен кездесу бақытына ие болдым. Мен олардан көп нәрсе үйрендім. Олимпиада чемпионы Илья Ильин жайлы түсінігім қате болып шықты. Біз, жастар, оны, Қазақстан Президентімен «селфиге» түскен менменшіл деп ойлағанбыз. Шындығына келгенде, көптеген Олимпиадалар, халықаралық чемпионаттар, әлем, Еуропа, Азия кубоктарының жеңіскері Илья Ильин өте қарапайым адам болып шықты. Ол әрдайым бәрімен қол алысып амандасады, сұрақтарымызға жауап беруге тырысады, ал біз шамадан тыс көңіл бөлгенімізді көрсетпеуге тырыстық. «Бәйшешек таулары» спорттық лагерінде Илья Ильин бірде сағат түнгі онға дейін жаттыққанын біз кездейсоқ көріп қалдық. Әдетте бұл кезде барлығы ерте тұру үшін жатып қалады.
- Жеңілген кезінде жылаған кезің болды ма?
- Екі немесе үш рет және бар ызамен. Ол кезде басқалары көрмес үшін шеткешығып кетесің. Міндетті түрде бірінші болатыныңа күмәнің болмау керек және өзіңе сенімді болуың керек. Және өте маңыздысы – келесі күрестерге күшіңді үнемдеу. Психологиялық тұрғыдан даяр болсаң, жеңу оңай. Жеңіліп бара жатсаң да, мойынсынбау қажет. Кілемге өзіңді бос ұстап, еркін шықсаң, жеңіске жетесің деп жаттықтырушылар түсіндіреді.
- Қай жерде жаттығу ауыр?
- Тауда. Тауға бір темппен жүгіру керек, ал таудан тізе буынын жарақаттап алмау үшін баяу түсу қажет.
- ОҚМФА-да оқып жатқаныңа бес жыл болды, ұдайы жаттығулар, жиындар, жарыстарға бару оқу циклынан алшақтатады, бірақ сонда да үлгеріп жүрсің, жақсы бағаларың бар.
- Екінші курста «патологоанатомия» атты қиын пән болды, бірақ сабаққа ынтамның арқасында, игердім. «Тамақтану гигиенасы» бойынша денсаулық сақтау бөлімі ең қызықты болады деп ешқашан ойламаппын. Спортшылар дұрыс тамақтанады екен және ешқандай фастфудтар, кириешкалар, бургерлер, газдалған сусындарды қолданбайды. Студент жастар және оқушылар кока-кола ішеді, ботқалар, сүт тағамдары, жақсы ұйықтау үшін жеңіл кешкі асты ішпей жүре тамақтанады.
- Нұрсұлтан, бәрін тастап, басқалармен бірдей болуға ниетің болмады ма?
- Бірінші курста жаттығуларға екі рет бармадым. Курстарстарым бос уақытында немен айналысатынын түсінгім келді. . Ойынхана, хотдог, фастфудтар, бос әңгімелер. Әрқайсысының бос уақытын қалай өткізуі - өз қалауы. Оларды сөкпеймін, алайда бұл маған жат.
-Бос уақытыңда немен айналысасың?
- Тек жексенбі күні ғана бос бола аламын. Бұл күнге анам толық бағдарлама даярлап қояды. Шынымды айтсам, үй жұмысымен айналысқан кезде, демаламын. Түнгі клубтарға, туылған күндерге, тойларға өзіме тоқтау қойганмын.
- Қандай жарыстарға дайындалып жүрсің?
- 2017 жылдың наурыз айында еркін күрестен Қазақстан чемпионаты болады.
- Саған кім жанкүйер:анаң, курстастарың, ағаларың немесе әпкелерің?
- Жасөспірімдер құрамында болған кезімде анам бір рет жарысты тамашалады. ОҚМФА ректоры м.ғ.д., профессор Б.Д.Сескенбаев, бірінші проректор, фарм.ғ.д., профессор Б.Қ.Махатов, медициналық факультет деканы Б.З.Долтаева, 508 «Б» тобы, жақындарым, туыстарым, Қазақстан даласы қолдайды. Анам, әрине, барлық аналар сияқты, уайымдайды, сүйікті ісіммен айналысуға тыйым салады. Күрестің аты күрес, өзіндік әдістері бар, қайыру, жамбастан лақтыру, жарақаттар. Спортпен айналысуға ынтасы жоқ адамдарға сылтау әрдайым табылады. «Жақсы» және «Өте жақсы» жасай алғанымша, кілемде күресемін. Және де еркін күрес бойынша ОҚО бойынша бас жаттықтырушысы Қазақстан, әлем чемпионаттарының көп дүркін чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері Марат Ерденов менің жанкүйерім болып табылады.
- Неліктен ауырсынып сылтып басып жүрсің?
- Аяғымды жарақаттап алдым, жазылып кетеді.
P.S. Еркін күрес бойынша спорт шебері Нұрсұлтан Қасеноваты техникалық жағынан шебер спортшы деп атауға болады, ол татамиде күресті ұйымдастыра алады. Жарақаттар да кедергі келтіреді. Алайда жеңіске жету құлшыныс басым. Республиканың басты жарыстарына ОҚМФА-ның 5-ші курс студенті Нұрсұлтан Қасенов оқу мен жаттығуды қатар ала отырып, күшін жинақтауда.
Райхан ШАЙМЕРДЕНОВА, журналист.