ОҚМА және COVID-19: вирус қалай өміршеңдігін сақтайды және шұғыл медициналық көмек көрсету алгоритмі қаншалықты маңызды

2020 жылдың басынан бастап әлемдік қауымдастықтың алаңдаушылығы коронавирустардың үлкен отбасы өкілдерінің біріне (40 - тан астам штамм) - COVID-19 қатысты болды. Семинарда м.ғ.к., «Педиатрия-2» кафедрасының доценті Ж.К. Жұмабеков өміршеңдігін сақтап келе жатқан вирустар туралы ақпарат берді. Дәріскер бұған тек жоғары оқу орындарында, жалпы білім беретін мектептерде, көлікте, супермаркеттер мен азық-түлік базарларында ғана емес, Шымкент қаласының емдеу мекемелері мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында да назар аударуды ұсынды.

1601 1

"Сонымен, диареямен ауыратын науқастардың нәжісінде вирус 5 күнге дейін; қағаз бетінде, орындықтарда-3 күнге дейін; металл және пластик бетінде - 3 күнге дейін; шыны бетінде-96 сағатқа дейін сақталады. Кәдімгі дезинфекциялық заттардың әсерінен немесе 56°C дейін қызған кезде ғана вирус күшін жоғалтады және жойылады. Егер, гигиеналық нормаларды сақтамаған жағдайда көп нәрсе шұғыл медициналық көмек алгоритміне байланысты.

1601 2

«КВИ-ға күдікті науқастарды қарайтын, тасымалдайтын, ошақтағы жұмыс, ауруханаға жатқызатын, емдеу және қызмет көрсетумен айналысатын барлық адамдар жеке қорғаныс құралдарын (жоғары дәрежелі маскалар немесе респираторлар (кемінде 2 қорғаныс класы немесе FPP2), қолғаптар, бетті қорғауға арналған экрандар, таза, стерильді емес, ұзын жеңді су өткізбейтін халат (бір рет қолданылатын костюм немесе су өткізбейтін комбинезон), резеңке етік немесе жоғары резеңкеленген бахилалар пайдалануы тиіс. Сауығып шыққан пациенттерді стационардан шығарып, ұсынымдарымен – тіркелген жері бойынша жалпы тәжірибелік дәрігерінде бақыланады», - деп Ж.К. Жұмабеков атап өтті.

Дәріскер алдын алу іс-шараларына 14 күн бойы байланыста болған адамдардың дене температурасының күнделікті мониторингін, жөтел мен ентігудің бар-жоғын бақылауды жатқызды. Ал КВИ-ге күдікті науқастармен байланыста болған адамдарға емханалардың медицина қызметкерлері аурудың белгілері, ЖРВИ белгілері пайда болған кезде медициналық көмекке уақтылы жүгіну, адамдар көп жиналатын жерлерге баруды шектеу, бетперде кию, қол жуу қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс.

Үш күн бойы, 11-13 қараша аралығында Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының оқытушылары мен жетекші ғалымдары Шымкент қаласының емханалары мен емдеу мекемелерінің дәрігерлері мен медицина қызметкерлеріне коронавирустық инфекция бойынша оқыту семинарларын өткізді.

30.11.2020, 12:57
394 қаралым