ОҚМА студенттерін Тәжірибелік дағдылар орталығында Triage жүйесін қолданып оқыту

ОҚМА-ның Тәжірибелік дағдылар орталығында оқу үдерісін жетілдіру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 03.07.2018 ж. «Қазақстан Республикасында шұғыл медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы» № 450 бұйрығына сәйкес шұғыл медициналық көмек көрсетуді және шұғыл медициналық көмекке басымдық беру негізінде кіретін науқастарды топтарға бөлу тәртібін айқындайтын және оны ҚР денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысына енгізілуі қазіргі таңда өте маңызды балып тұрған Triage аймағы деп аталатын медициналық сұрыптаудың функционалдық дизайны ұйымдастырылды.

Triage жүйесіне сәйкес үш аймақ бар: қызыл аймақта тек төтенше немесе қарқынды медициналық көмекке мұқтаж емделушілерге көмек беріледі. Медициналық көмекке мұқтаж науқастар төтенше жағдайда емес сары аймаққа түседі. Жасыл аймағында науқастар жоспарлы ауруханаға жатады, сондай-ақ кішігірім медициналық көмекке мұқтаж науқастар келеді.

Triage аймағын пайдалану арқылы ОҚМА-ның студенттер, интерндер, резиденттері ғана емес, сондай-ақ тәжірибелік денсаулық сақтау мамандарына тәжірибелік сабақтарды жүргізуге болады.

1339 1

26.03.2019, 05:01
332 қаралым