ОҚМА-мен танысу!

2020 жылдың 15-17 қыркүйек күндері Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы декандармен бірлесіп ОҚМА-ның 1 курс студенттеріне танысу күндерін өткізді. Арнайы кесте түзіліп, санитарлық сақтық шаралары сақтала отырып, жеке-жеке топтарға бөлу арқылы ұйымдастырылды.

1553 1

Әр факультет деканы факультеттің оқу үрдісімен таныстырып, студенттік ректор Е.Пернебеков «Болашақ» АЖО мен ұйымдар туралы ақпарат берді.

Экскурсия барысында студенттер анатомиялық мұражайға, дәріс залдарына, әкімшілік қабатқа, практикалық дағдылар орталығына, асханаға, кітапханаға барып көрді.

1553 2

Кездесу барысында студенттер сұрақтар қойып, академиядағы ғылыми, оқудан тыс және спорттық өмір туралы білгілері келетіндерін жасырмады. Академияның оқудан тыс және ғылыми-зерттеу өмірі өте алуан түрлі және қызықты болғандықтан, белсенділер өздеріне қойылған сұрақтарға мақтанышпен жауап берді.

1553 3

Академиямен танысып болған соң, жоғарғыкурстықтар өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, бірнеше кеңестер берді.

17.09.2020, 23:09
260 қаралым