«Жас толқын – 2022»

2022 жылдың 8 қараша күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен, А.Байтұрсынұлының 150 жылдық және Ш.Мұртазаның 90 жылдық мерейтойы аясында факультетаралық «Жас толқын 2022» байқауы өтті. Аталған байқау мақсаты жас өнерпаздарды анықтау, дарынды жастарға қолдау көрсету, студенттердің бір-біріне деген достық, сыйластық сезімдерін арттыру. Байқауда «Үздік ән», «Үздік би», «Үздік поэзия», «Үздік жайдарман», «Үздік аспаптық өнер», «Үздік көрініс», «Үздік жүргізушілік», «Үздік топтық ән» номинациялары бойынша бақ сынасқан студент жастар ерекше белсенділік танытып, факультеттер намысын жоғары дәрежеде қорғап шықты. Әділ қазы алқаларының құрамында Орталық азия инновациялық университетінің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Ахан Дидар Елубайұлы, Академик Ә.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетінің жастар ісі жөніндегі бөлім басшысы Әлібек Бексейт Әшірбекұлы, «AUEZOV JASTARY» қоғамдық қорының төрағасы Қуаныш Нурислам Байбосынұлы және ОҚМА түлегі Иембердиев Қайрат Айдосұлы төрелік жасады.

Байқау қорытындысы бойынша 1 орын Жатақхана тобы, 2 орынды Медицина факультеті, 3 орынды Медицина колледжі мен Фармация факультеті иеленді. «Үздік ән» мен «Үздік жайдарман» номинациясын жатақхана тобы, «Үздік би» мен «Үздік поэзия» номинациясын Медицина колледжі «Үздік көрініс» пен «Үздік топтық ән» номинациясын Фармация факультеті, «Үздік аспаптық өнер» және «Үздік жүргізуші» номинациясын Медицина факультеті иеленді. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студент жастары өздерінің медицина саласында ғана емес, өнерде де талантты екендіктерін дәлелдеп шықты.

09.11.2022, 15:22
394 қаралым