Нейрореабилитация бойынша ғылыми-практикалық семинар халықаралық қатысумен
2023 жылдың 28 қаңтарында «Айдана Плаза» қонақ үйінде сағат 09:00-17:00 аралығында «Оңалтудың өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық қатысумен нейрореабилитация бойынша ғылыми-практикалық семинар өтті. Семинардың модераторы м.ғ.к., профессор, неврология, психиатрия, реабилитология және нейрохирургия кафедрасының меңгерушісі Жаркинбекова Н.А. болды.
Семинарда Қазан қаласының бас реабилитологы, жоғары санатты невропатолог Табиев И.И. «Жұлындық зақымдану кезіндегі реабилитация негіздері» тақырыбында баяндама оқыды. PhD докторант Асылбек М.Ы. «Инсульттан кейінгі нейрореабилитацияның тиімділігі» атты баяндама дайындады, Борықбаев Н.Б. «Остеопорозбен ауыратын науқастарды оңалтудың негізгі аспектілері» презентациясымен сөз сөйледі.
Шымкент қаласының оңалту бас маманы Лекеров Қ.М. қазақ тіліндегі оңалту оқулығын ұсынды. Семинарда нейрореабилитация бойынша көптеген бейнероликтер көрсетіліп, Қазан қаласынан келген Табиев И.И. мастер-класс өткізді.
Семинарға неврология, психиатрия, реабилитология және нейрохирургия кафедрасының ассистенттері Есетова А.А., Муминова Р.К., Аманова Е.О., Рустем Т.Ы. ОҚМА 1-2 курс невролог-резиденттері, практикалық денсаулық сақтау неврологтары қатысты.