«НЕЙРОГЕНЕТИКА – УАҚЫТ ТАЛАБЫ»

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «НЕЙРОГЕНЕТИКА – УАҚЫТ ТАЛАБЫ» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар басталды. Іс-шараны неврология, психиатрия, реабилитология және нейрохирургия кафедрасы ұйымдастырды.  Семинардың ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры Жанна Сейтжанова қатысып, баяндамашыларға сәттілік тіледі. 
Жиында нейрогенетика, генетика және неврология саласындағы жетекші мамандар басқосты. Семинар спикерлерінің арасында нейрогенетика және неврология саласының жетекші мамандары, оның ішінде Ұлыбритания, Ресей елдерінің де ғалымдары бар. Ғалымдар нейрогенетика және оның заманауи мәселелерін және неврология саласындағы генетикалық ауруларды диагностикалау мен емдеудің соңғы әдістерін талқылады. Сонымен қатар, сирек кездесетін генетикалық ауруларды диагностикалау және емдеу бойынша презентациялар ұсынылды.
Іс-шарада Қазақстан Балалар неврологтары Қауымдастығының Президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан-Ресей медициналық университеті неврология кафедрасының меңгерушісі Лепесова Маржан Махмұтқызы баяндама жасап, жұлын бұлшық ет атрофиясы бар науқастарды емдеу жолдары жайлы кеңінен сөз қозғады. Ал, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас балалар неврологы Текебаева Латина Айжановна AADC тапшылығы – жаңа орфанды ауруды емдеуде нені ескеру қажеттігін айтты.

04.04.2025, 18:11
105 қаралым