«Не? Қайда? Қашан?» «SCIENTIA VINCES!»

24.03.2023ж. «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ жанындағы медицина колледж білім алушылары, Ресей, Беларусь, Қазақстан медициналық колледждер арасында өткен «Не? Қайда? Қашан?» «SCIENTIA VINCES!» - «Білім жеңеді!» атты Халықаралық Турниріне қатысты.
Өткізілген ойынның мақсаты Ресей, Беларусь, Қазақстан медициналық колледждері арасындағы байланыстарды нығайту және ынтымақтастықты дамыту; білім алушылардың зияткерлік және танымдық мүмкіндіктерін дамытуды ынталандыру және қолдау; жастардың зияткерлік дамуын насихаттау; қарсыласқа құрмет, табандылық, жеңіске деген ерік-жігер, тапқырлық, командада жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Ойынға Белгород, Великие Луки, Выборг, Полоцк, Псков және Тихвин қалаларынан 7 команда қатысты. Достық ойыны өте қызықты, әрі тартысты болды.
«Не? Қайда? Қашан?» «SCIENTIA VINCES!» - «Білім жеңеді!» атты Халықаралық Турниріне қатысқан біздің колледж студенттері медицина саласында ғана емес, шығармашылық саласында көзге түсіп, белсенділік танытқан студенттерімізді мақтан тұтамыз.

27.03.2023, 16:29
375 қаралым