Өндірістік тәжірибенің білім берудегі маңызы мен оны ұйымдастыру мәселесі

2015 жылдың 17-сәуірінде ОҚМФА Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология кафедрасының меңгерушісі, доцент Долтаева Б.З. және Гигиена-2 кафедрасының меңгерушісі, доцент м.а. Ескерова С.Ө. ұйымдастыруымен ОҚМФА кіші мәжіліс залында «Өндірістік тәжірибенің білім берудегі маңызы мен оны ұйымдастыру мәселесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

531 1 1

Дөңгелек үстелге қонақ ретінде шақырылды:

Қарабеков А.Қ. – ОҚМФА медициналық факультет деканы , профессор

Ибрагимова А.Г.– ОҚМФА оқу – әдістемелік орталығының бастығы, фарм.ғ.к., доцент

Аширов Б.О. – ОҚМФА медициналық факультет деканы орынбасары

Төлебаева Г.Е. – ОҚМФА медициналық факультет деканы орынбасары

Оразбекова Ф.Ү. – ОҚМФА оқу үдерісін ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі

 

Тәжірибе базалары мамандары :

Ештай Ә.Ж. – ОҚО СЭСО орынбасары

Ахметов А.Р. – ОҚО ТҚҚД орынбасары

Төлебаев Ә.Қ. – Еңбекші аудандық ТҚҚБ бастығы

Өтепов Ф.Д. – Әл-Фараби аудандық ТҚҚБ орынбасары

Мусаева Б.Қ. – Абай аудандық ТҚҚБ орынбасары

Абдиева А.К. – ОҚО СЭСО бөлімінің орынбасары

531 2 2

Алғы сөз ОҚМФА медициналық факультетінің деканы, профессор Қарабеков А.Қ. және оқу–әдістемелік орталық басшысы, ф.ғ.к. доцент Ибрагимова А.Г.  берілді. Өз кезегінде Қарабеков А.Қ келген қонақтарға алғысын білдіріп, өндірістік тәжірибенің білім берудегі маңызы, оны ұйымдастыру жолдары жайлы айтты. Ибрагимова А.Г. 2014-2015 оқу жылының оқу, өндірістік тәжірибелерінің дайындығы жайлы айтып өтті.

531 3 3

Тақырыпты талқылау барысында Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология кафедрасының меңгерушісі,доцент Долтаева Б.З. ОҚМФА-ның барлық мамандықтары мен курстары бойынша бекітілген базалар жайлы және олармен  оқу  жылы басталғанға дейін 1 ай бұрын 153 келісім шартқа тұрғандығын хабардар етті. Гигиена-2 кафедрасының меңгерушісі,доцент м.а. Ескерова С.Ө. өндірістік тәжірибенің мақсаты, жіберілген контингент саны және тәжірибені ұйымдастыру барысында туындайтын мәселелер мен оны шешу жолдарын ұсыныс ретінде айтты.

Дөңгелек үстел қатысушылары “ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ  САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫ” республикалық  мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өкілдерінің студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізетін базасы жайлы кең  ақпараттар ұсынылған слайдқа куә болды.

531 4 4

Дөңгелек үстел соңында тәжірибе мамандары мен кафедра модераторлары тарапынан резолюция қабылданды. 

 

 531 6

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

«Өндірістік тәжірибенің білім берудегі маңызы мен оны ұйымдастыру мәселесі»  - атты дөңгелек үстел нәтижесінде қабылданған

РЕЗОЛЮЦИЯ

Шымкент, 17 сәуір, 2015жыл

Дөңгелек үстелде  тәжірибе мамандары мен академия оқытушылары оқу-өндірістік және өндірістік практиканың болашақ маман дайындаудағы маңызы мен орны, практиканы өткізу әдістемесі мен студенттердің теориялық білімдерін бағалау көрсеткіштері туралы мәселелерді жан-жақты талқылап, оларды шешу жолдарын қарастырды. Келешекте бірлесіп жұмыс жасау жалғасын табады және жетілдіріледі. 

 

Жоғарыда талқыланған мәселелерді есепке ала отырып, дөңгелек үстелге қатысушылар:

1. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы мен Оңтүстік Қазақстан облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті мен аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармалары және Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы мен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары арасында ынтымақтастықты жалғастыруды және өндірістік практиканың өткізілу сапасын бірлесіп жоғарылатуды мақұлдайды; 

2. Практикалық машықтарды ОҚМФА әзірлеген құзыреттілікпен тікелей ұштастыру қажет деп санайды; 

3. Оқу-өндірістік практикаға арналған әдістемелік нұсқауда берілген тақырыптарды  толық қамтуды ұсынады; 

4. Жауапты жетекшілер тарапынан күнделіктердің толтырылуын күнде қадағалауды ұсынады; 

5. Күнделіктердегі атқарған жұмыстар туралы қорытынды есептер мен мінездеменің толтырылуы жауапты жетекші тарапынан қадағалану керек деп санайды.

 

«Дөңгелек үстел» ұйымдастырушылары барлық қатысушыларға   оқу-өндірістік тәжірибенің білім берудегі маңызы мен оны ұйымдастыру бойынша мәселелерді талқылауда қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.  

531 5 5

23.04.2015, 04:55
698 қаралым