Назарбаев университеті профессорларының студенттер мен денсаулық сақтау қызметкерлеріне арналған дәрістері мен семинарлары

«Шұғыл медицина және мейіргер ісі» кафедрасының қызметкерлері 2024 ж. 25-27 қараша аралығында Назарбаев Университетінің Медицина мектебі профессорларының «Медицина», «Стоматология», «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламаларының 2,3,5 курс студенттерімен, медицина қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырды. Jonas Cruz, Paolo Conte, Meruyert Smagulova спикерлері Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы мен Шымкент қаласының Қалалық перинаталдық орталығында бірқатар дәрістер мен семинарлар өткізді, Назарбаев Университетінің бастамаларды тарату және әлеуетті арттыру бойынша тәжірибесімен бөлісті.
Спикерлер мен кафедра қызметкерлері Орталық Азия білім беру инновациялары және трансформация ғылыми орталығы (CARCEIT) қаржыландыратын Qaz Green health жобасының зерттеушілері болып табылады. Іс-шаралар жобаның Қазақстандағы қазіргі және болашақ денсаулық сақтау мамандары үшін денсаулық сақтау саласындағы экологиялық тұрақтылықты дамытуға әсері мен қамтуын кеңейтті.
Jonas Cruz, Paolo Colet, Meruyert Smagulova студенттерге интерактивті дәрістер, мастер-класстар өткізді, келесі тақырыптар қамтылды: сапалы зерттеу әдістерін талдау үшін зерттеу жұмысына әдеби шолуда шетелдік мәліметтер базасын қолдану, мейіргер ісіндегі сандық зерттеу әдістері, оқу дағдылары және ғылыми жарияланымдарды сыни талдау, зерттеу жүргізу құралдары және әдеби шығармаларды жазу, шолу.

Денсаулық сақтау қызметкерлері үшін дәрістер мен семинарлар өткізілді, келесі тақырыптар қамтылды: денсаулық сақтаудағы экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуде сапаны жақсартуды қолдану, экологиялық тұрақты денсаулық сақтау жүйесі, экологиялық тұрақты денсаулық сақтау үшін сапаны жақсарту, мақсат қою, QI жоспарын таныстыру.
Шымкент қаласының Қалалық перинаталдық орталығында денсаулық сақтау қызметкерлерінің алдына оқыту мақсаттары қойылып, оларға қол жеткізілді:
• Денсаулық сақтаудағы экологиялық тұрақтылық туралы жауапкершілік пен қамқорлық сезімі қажеттілігін сыни тұрғыдан қарастыру
• Денсаулық сақтаудағы экологиялық тұрақтылықтың маңызды тұжырымдамалары туралы алғашқы түсініктерді дамыту және экологиялық тұрақтылық үшін сапаны жақсартуды қолдану.
• Денсаулық сақтаудағы экологиялық тұрақтылыққа қатысты мәселелерді шешу үшін сапаны арттырудың негізгі тұжырымдамаларын қолдану.
• Ауруханалардың қолданыстағы стратегиялық жоспарларына экологиялық тұрақтылық саясатын енгізу.

Мейіргерлер денсаулық сақтау саласындағы зерттеу процесінің негізгі аспектілерін, қалдықтардың ластануға әсерін, пластикті қолдануды қалай азайтуға және веноздық катетерді орнатуға болатынын зерттеді. Олар тұрақты клиникалық практиканың принциптерін, сапаны тұрақты жақсартуды, экологиялық салдарды қалай жоспарлау керектігін талдады.

Семинарлар «Шұғыл медицина және мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі А.А.Сейдахметованың, кафедра ассистенттері Х.А.Сайтмуратовтың, Ш.Д.Юсупованың, Ж.Б.Бекназарованың, Р.Б.Аблатаеваның, Л.Ж. Жақаншаның, Н.Ж.Сұлтанбаеваның қатысуымен және Қалалық перинаталдық орталықтың «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасы білім алушыларының қатысуымен өтті.

Белсенді қатысқан семинарлардың барлық қатысушылары сертификаттар алды. Спикерлер білім алушылардың үлкен қызығушылығы мен белсенді қатысуын, ағылшын тілін білуін атап өтті.

02.12.2024, 12:28
153 қаралым