Наурыз – мейірім мен бірліктің мерекесі

Шуақты мереке Наурыз біздің республикамызда татулықтың, достық және махаббаттың символы. Наурыз - бұл көктемнің келуі мен жыл басы, жер бетіндегі барлық тіршіліктің қайта оянатын кезі. Мерекенің келуімен Қазақстан халқы мерекелік киімдерін киіп, бір-бірінің үйіне қонаққа барады және құттықтаулар айтып, келер жылдың өркендеуіне тілектер айтады. Әрбір мерекелік дастарханда міндетті түрде дәстүрлі тағам наурыз көже дайындалады. Бұл тағамның әрбір құрамы жеті түрлі өмірлік бастаудың символын: өсу, сәттілік, бақыт, байлық, денсаулық, даналық және ашық аспанды білдіреді.

1093 1

Мерекені қаншалықты жақсы қарсы алсаң, жыл бойында солай болады деген халық даналығы бар. Сондықтан фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының ұжымы Наурыз мерекесін кең құшақ жайып тойлады: қызметкерлер наурыз көже дайындап, студенттерге арнап мерекелік дастархан жайды. Осы күні сабақта 12 топ студеттері болды.

Кафедра меңгерушісі профессор  Ордабаева С.К. көктемгі Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, әрбір отбасына бақыт, ал студеттерге оқуда сәттілік тіледі.

1093 2

Кафедра жыл сайын барлық студенттерді осы жарқын мерекемен құттықтап, қонақжайлылық көрсетеді. 50 литрге жуық Наурыз-көже дайындау үшін кафедра қызметкерінің әрбірі осы дәстүрлі тағамның барлық құрамдас бөліктерін алып келіп, кафедра қызметкерлерінің арасындағы бірлік, ынтымақтастық және достық қасиеттерін көрсете білді.

1093 3

Халық даналығы бойынша «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер»,- деген. Біздің кафедраның ақсақалы, доцент Мендібаев Б.Т. барлық мереке қатысушыларын құттықтап, өзінің ақ батасын берді. Мейірімге толы және шынайы сөздер студенттердің тәрбиесіне, қайырымды болуына тікелей септігін тигізеді. Мерекеге арналған және ізгі тілектерден кейін барлығына наурыз көже құйылып, мерекелік үстелге шақырылды. Студенттер арасында академиялық ұтқырлық бойынша оқитын БММУ студенттері де болды.

1093 4

Осылайша, біздің кафедрамызда БҰҰ мойындаған халықаралық мереке әз-Наурыз – молшылық, гүлдену, бірлік пен сүйіспеншілік жағдайында аталып өтілді.

28.03.2018, 00:56
401 қаралым