Наурыз – көктемгі жаңару мерекесі

Наурыз табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың басы, достық пен махаббаттың бастауымен бірге келеді. Бұл мереке ұлттарды, қала, тіпті, елді біріктіреді. Халықта Наурызды қаншалықты жақсы өткізсеңіз, жыл бойы соншалықты берекелі болады деген түсінік бар.  

959 1

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының оқытушылары мен студенттер бірігіп берекелі дастархан ұйымдастырды. Мерекеге Башқұрт мемлекеттік медицина университетінен ұтқырлық аясында келген студенттерді шақырып, ежелден бері келе жатқан мерекенің салт-дәстүрлерімен таныстырылды. Негізгі тағам, әрине, мерекелі наурыз-көже болып, сол тағамның дайындалуы бойынша кафедрамыздың ұлағатты ұстазы Анар Оңлабекқызы Сопбекова қатысушыларға астың дайындалуы бойынша мастер-класс өткізді. 

959 2

Дәстүрлі наурыз-көже бақыт, сәттілік, даналық, денсаулық, байлық және жылдам дамудың символы болатын 7 міндетті құрамнан дайындалады. Жыл құт-берекелі және ырысты болу үшін бұл тағамды дайындау керек. Тойлау шаттық, жарқын тілектер және құттықтаулармен өтті.

959 3

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы Жаңа жылда баршаңызға сәттілік пен береке тілейді.

07.04.2017, 05:49
434 қаралым