«Нәтижеге бағытталған оқытудағы тиімді педагогикалық технологиялар» атты әдістемелік семинар
2023 жылы 22 қарашада «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» және «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедраларының ПОҚ-ның және ОӘО әдіскерлерінің қатысуымен «Нәтижеге бағытталған оқытудағы тиімді педагогикалық технологиялар» тақырыбы бойынша әдістемелік семинар өткізілді.
Әдістемелік семинардың мақсаты: Нәтижеге бағытталған оқытуда, оқытудың инновациялық технологияларын қолдану арқылы, оқытушылардың кәсіби деңгейін жетілдіру, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру.
Әдістемелік семинарда «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Еркінбекова Ә.С. «Нәтижеге бағытталған оқытудағы тиімді педагогикалық технологиялар» тақырыбында баядама жасады. Баяндамашы Қазақстан тарихы контексіндегі нәтижеге бағдарланған оқыту білім алушыларға өз елінің тарихындағы маңызды оқиғаларды талдай білуге, сыни тұрғыдан ойлауға және өз білімдерін тәжірибеде қолдана білуіне мүмкіндік беретіндігін түсіндірді. Сонымен қатар, Қазақстан тарихы пәнін оқыту барысында қолданылған жобаға бағытталған, мультимедиялық технологиялардың (виртуалдық саяхат) тиімділігін және осы оқытудың белсенді әдістерінің нәтижесін оқу үдерісіне енгізу актілері алынып, оқу үдерісінде білім алушылардың да, оқытушылардың да қолдануына болатындығын айтып өтті.
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Бекен Н.Б. «Жоғары оқу орындарында білім беру кеңістігіндегі гуманитарлық технологияларды жетілдіру: факторлар, проблемалар және перспективалар» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада білім берудегі гуманитарлық технологиялар бойынша «Ақыл-ой картасы» әдісін, финдік оқыту әдісін, рөлдік ойындардың, феноменге бағытталған оқыту әдістерін түсіндіріп, олардың дәстүрліден артықшылықтарына, ерекшеліктеріне талдау жасалды.
Нәтижеге бағытталған білім беру – білім алушылардың құзыреттіліктерін, яғни алған білімдері, дағдылары негізінде оқу және өмірлік мәселелерді шешу қабілеттерін қалыптастырады.