Нашақорлыққа - жол жоқ!

Үстіміздегі жылдың 13 қараша күні студенттер мен ОҚМФА  оқытушылары арасында жастар саясаты секторы мен фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының ұйымдастыруымен «Жастар арасындағы нашақорлықты алдын-алу, есірткі саудасымен күресу мәселелері» тақырыбында кездесу өткізілді.

638 1 1

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының ІІБ бас инспекторы Е. Сағындықов  жастар арасында күшті әсер ететін еліткіш заттарды және шылым қоспаларын қолдану мәліметі жоғарылап отырғандығын атап өтті. Сонымен қатар, ол шылым қоспаларының бренді болып табылатын синтетикалық шылым қоспасы Spice (спайс)  туралы ақпарат бере отырып, оның психобелсенді, марихуанаға ұқсасты әсері бойынша және нарықта химиялық зат енгізілген шөп түрінде болатынын таныстырып өтті. 

638 2 2

Жиналыста студенттер алдында облыстық салауатты өмір салты орталығы әдістемелік - ұйымдастыру бөлімінің дәрігері К. Мұқатаев нашақорлыққа тәуелділіктің әсері адамдарды қылмыс жасауға итермелейтінін, нашаны қолданушылардың басым бөлігі – тұрғындардың белсенді бөлігі жастар екенін, сонымен қатар, нашақорлықпен күресудің маңызды екенін атап өтті.

638 3 3

Сонымен қатар, фармацевтикалық химия және токсикологиялық химия кафедрасының доценті А.Д. Серікбаева өз баяндамасында еліткіш заттарды қолданудың нәтижесі, жасушалық деңгейдегі тәуелділіктің қалыптасуы, наркотикалық және психотропты заттардың заңсыз айналымын жою және 1961, 1971, 1988 жылдары қабылданған  «Наркотикалық және психотропты заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы БҰҰ Конвенциясы» туралы және заңсыз айналымды наркологиялық көмек, азаматтардың денсаулығын қорғау, қоғамдық және мемлекеттік қауіпсіздік мақсатында қолдануға қарсы тәсілдермен таныстырып өтті.

638 4 4

Студенттер атынан сөз алған 402 ФК «Б» тобының студенті С. Орынбасар еліткіш заттардың қазіргі таңда жастар мен жасөспірімдер арасында қолжетімді және тез таралатындығын атап өтті.

Осы іс-шара аясында шақырылған мамандар студенттермен нашаның сатылуы және таралуымен қарсы күрес жолдары, жастар арасында  нашаны қолдануды шектеу шаралары туралы әңгімелесу жүргізді.

638 5 5

Студенттер синтетикалық еліткіш заттардың адам ағзасына әсері жайлы бейне материалдар мен өздері дайындаған қабырға газеттерінде көрсетілген ақпараттарға аса қызығушылық танытты.

19.11.2015, 04:59
958 қаралым