Нашақорлық - қоғамның қауіпті індеті
2024 жылдың 24 қазан күні Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» және ОҚМА АҚ жанындағы медицина колледжінің Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен білім алушылар арасында ТЕDх форматта “Нашақорлық - қоғамның қауіпті індеті” тақырыбында арнайы сала мамандарының қатысуымен кездесу өтті. Кездесуге ЖББП кафедрасының меңгерушісі Сатаев А.Т., Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің инспекторы Палхожаева Гулмира, Шымкент қаласы Психикалық денсаулық сақтау орталығының нарколог дәрігері Одаман Меруерт, Шымкент қаласының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Кеңес Сержан Абзалұлы және колледж білім алушылары қатысты. Зиянды әдеттерден аулақ болып, саламатты Қазақстанның өркендеуіне үлес қосуымыз керек! — деді нарколог маман.Полиция капитаны білім алушылармен сөйлесу барысында нашақорлықтың зияны, оның алдын алу және есірткісіз қоғам құру туралы тақырып қозғалды. Сондай-ақ, білім алушыларға есірткіге байланысты құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық жауапкершілік туралы ақпарат берілді.Жастар тарапынан сұрақтарын қойып,өзара еркін пікір алмасты.